2-тапсырма (МК, Ұ)
Мұғалім 2-тапсырмада берілген сұрақты түсіндіреді.
Оқушылар “Сен не істейсің? “деген сұраққа дұрыс жауап бере алуды үйренеді.
(МК, Ұ) 3-тапсырмада
3-тапсырмада оқушылар берілген суреттерге қарап,толықтырып айтуға жаттығады.Сондай-ақ оқу құралдарын қайталайды,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударып,сұрақ қойып,сұраққа жауап беруге дағдыланады.
(МК, Ұ)4-тапсырма
4-тапсырмада оқушылар алдымен диалогті тыңдайды,сонан соң жұппен жұмыс істейді.Берілген үлгі бойынша суреттегі заттардың не екенін,оны қалай пайдаланатынын айтады.Әсіресе мұғалім Сен қаламмен (қарындашпен,қайшымен,өшіргішпен,сызғышпен ) не істейсің? Сұрағын дұрыс қоя білуге жаттықтырады.Үлгі;
-Бұл не?
-Бұл-қалам.
-Сен қаламмен не істейсің?
-Мен қаламмен жазамын.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө).Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
|