2-тапсырма (МК, Ұ)Оқушылар сұраққа жауап беріп,толықтырып айтуға жаттығады.Берілген сөздерді (футбол,асық,сурет,велосипед)тағы бір қайталайды,ойнаймын,тебемін,саламын етістіктерін пысықтайды.Оқушылар топты,жұпта бір–біріне сұрақ қояды,жауап береді.Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!»айдарына аударады.Яғни етістіктердін болымсыз түрін қалай айту керек екенін үйретеді.Оқушылар асық ойнаймын/асық ойнамаймын,велосипед тебемін/велосипед теппеймін,сурет саламын/сурет салмаймын деп айтып жаттығады.Мұғалім оқушылардың назарын мына белгілерге (-+)(аударады,бұл белгілер басқа да сабақтардың тапсырмаларын да кездеседі,бірі болымды,екіншісі болымсыз етістікті білдіреді,яғни бір нәрсені істейтінін немесе істемейтінін көрсетеді.)
Достарыңызбен бөлісу: |