Топтық жұмыс. Білімалушылармен белсенділік (активити) жүргізу: Білімалушыларды топтарға бөліп, келесі тапсырмаларды береміз:
Жұмбақтарды шешіңіз.
Тапсырма 1: а) Үстел үстінде сандық тұр, ішінде бар терезе, егер тілін білсеңіз ғажайыптарды көресіз.
ә) Көзіменен көрсетеді, сөйлемей–ақ айтар бәрін, алдына оның келсе теңі.
Тапсырма 2: Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар, Кілемше үстінде тұрамын, Ең қажетті құралмын.
Тапсырма 3: Бар нәрсеге жетік. Миы күшті тетік. Ол арқылы сөйлесіп. Кетесің шетелге де өтіп.
Білімалушылар мұғаліммен бірге тапсырманы орындау барысында нәтижеге жету үшін дискриптор құрастырады. Фронтальді әңгіме жүргізу.
Дискрипторлар үлгісі:
1) компьютер құрылғыларының тағайындамасын түсіндіреді;
2) енгізу-шығару құрылғыларын ажырата біледі;
3) енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс жасау барысында ҚТ ережелерін ұстанады.
Жеке жұмыс.
https://learningapps.org/1742868 сайтында.
Білімалушылар тәжірибелік жұмысты орындауға кіріседі. Дифференциациялау мақсатында тапсырмалар күрделіге өсу реті бойынша орналасқан.
Дискриптор бойынша бірін-бірі бағалайды.
Білімалушылар алдын ала құрастырылған дескрипторлар арқылы жұптар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Нәтижені тексеру.
Мұғалім білімалушылармен бірге орындалғын тапсырмалардың нәтижесін шығарады.