А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп- балабақшасы
Ашық сабақ
Тақырыбы: Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Мұғалім: Биология пәнінің мұғалімі Жапаева Ару Булатовна
2016-2017 оқу жылы
Күні :
Биология
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Буынаяқтылардың көптүрлілігін, жәндіктердің негізгі ерешеліктерін ұғындыру, шаянтектестердің тіршілігі және сыртқы, ішкі мүшелерінің қызметін толық меңгерту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылығы: Сабақта оқытудың жаңа технология элементтерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, оқушылардың іс - әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, білім – білікітілігін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, слайдтар, суреттер, оқулықтар, интербелсенді тақта
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау
1) “Ой толғаныс” (сұрақ-жауап оқушыларға ауызша сұрақтар
қоямын,олар жауап береді)
1.Ұлулар типінің кластарын атаңдар?
( бауыраяқтылар,басаяқтылар,қосжақтаулылар)
2.Тип неге «ұлулар» деп аталған? (бұл топтағы жәндіктер денесі буылтықсыз, өте жұмсақ және дене құрылысы ұқсас болғандықтан, ұлулар типіне жатады)
3.Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар, олар қандай қызмет атқарады? (тіс орнына үккі, асқа қатысты без бауыр мүшелері дамыған)
4.Ұлулар қалай тыныс алады? (құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпе арқылы тыныс алады, ал суда тіршілік ететіндер шапанша астында орналасқан желбезек арқылы жүзеге асады)
5.Ұлулар қалай қозғалады? (аяқтары арқылы қозғалады)
2.Топтастыру тақтасын толтыру. ( конверттің ішіне жәндіктердің аттарын әр оқушы салады )
Бауыраяқтылар
|
Қосжақтаулылар
|
Басаяқтылар
|
|
|
|
3. Үй тапсырмасын қортындылау
1.Ұлу туралы ( жалпы ұлу туралы 1 оқушыдан сұраймын )
2.Ұлу туралы қызықты қосымша материал жөнінде сөйлеу.
( 1 оқушыдан сұраймын )
4. Жаңа сабақ (оқушыларды тақтаға қаратып,слайдттағы суреттерді
көрсетіп, олардан қай жәндік қай типке жататынын қор мен
жауап беру керек тек бір ғана типті
буынаяқтыларды айтпауы керек )
1.Жалпақ құрттар типі
2.Жұмыр құрттар типі
3.Буылтық құрттар типі
4.Ұлулар типі
5.Буынаяқтылар типі
1. Цепень (жармасқақ), сұлама
2. Қылтыңбас, зымырақ
3. Шұбалшаң, сүлік
4. Жүзім ұлуы, сегізаяқ
5. Өзеншаян Бұғықоңыз
Сергіту сәті
Балалар жануарлар өзі нешеге бөлінеді,екіге омыртқалылар және омыртқассыздар.
Омыртқалыларға құстар, бақалар ал, омыртқасыздарға құрттар,жыландар жатады.Кәнекей балалар орнымыздан тұрамыз, бақалар алға ұмтылады, құстар ұшады сондықтан қолымызды былғайық.Құрттарды толқындатып қолымызбен жасайық.Жыландар денемізбен ирелендейік.
III. Жаңа сабақты түсіндіру ( призентациямен сабақ түсіндіріледі )
БУЫНАЯҚТЫЛАР - омыртқасыз жануарлар типі.
Олар теңіз, мұхит суларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Буынаяқтылар 4 тип тармағынабөлінеді: желбезектыныстылар (Branchіata),хелицералылар (Chelіcerata), трилобиттәрізділер (Trіlobіtomorрha), кеңірдектыныстылар (Tracheata). Бұлардың дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады.
Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрсақ тізбегінен тұрады. Сезім органдары — иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі көп камералы. Буынаяқтылар денесіндегі целом қуысы, алғашқы қуыспен бірігіп кетіп, дененің тұрақты қуысын (миксоцель) құрайды, мұны аралас қуыс дейді. Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік ететіндерде), өкпе мен кеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы, ортаңғы және артқы (без қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді) ішектері болады. Зәр шығару жүйесі суда тіршілікететіндерінде көкірек аяқтарының түп жағында, ал құрлықтағыларында мальпиги түтігінде (артқы ішектің түтік тәрізді өсіндісі) орналасқан. Буынаяқтылар дара жынысты, кейбір түрлері жыныссыз (партеногенездік) жолмен көбейеді.
Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
1. Сыртқы қаңқа – хитинді жабын
2. Сегменттелген дене – сегменттер біркелкі емес
3. Денесі 3 бөлікке: бас, көкірек, құрсаққа бөлінеді
4. Аяқтары бунақталған (буындар, бұлшықеттердің шеке шоқтары пайда болады, бірақ терілі – бұлшықетті қалта емес)
Кесте
|
Қантарату жүйесі
|
Зәр шығару жүйесі
|
Жүйке жүйесі
|
Көбеюі
|
Тыныс алу жүйесі
|
Шаянтәріздестер
|
Жүрегі және қантамырлары қанды дене қуысына айдайды. Қантарату жүйесі тұйықталмаған қантарату жүйесі
|
Бездер арқылы жүзеге асады. Дененің бас бөлігінде орналасады
|
Көру, иіс сезу, сипап сезу және тепе-теңдікті сақтау мүшелері едәуір дамыған
|
Басым бөлігі дара жынысты және олар жынысты жолмен көбейеді
|
Суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады
|
Өрмекшітәріздестер
|
Ашық жүйелі
|
Көпшілігі сатан без және мальпигий тамырлары арқылы қажетсіз заттар бөледі
|
Құрсақ жүйке тізбекшелер, жүйке түйіндерінің іріленуінен түйінде жүйкесі түзіледі сезім мүшелерінің құрылысы едәуір күрделі
|
Дара жынысты іштей ұрықтанады
|
Өкпе қапшығы және демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады
|
ІV. Бекіту
1. Топтастыру (оқушылар жұмыс дәптерлеріне орындайды
Достарыңызбен бөлісу: |