Сабақ тақырыбы Дене массасы. Масса өлшем бірлігі. Дене көлемі. Дененің массасы мен көлемін өлшеу



Дата08.07.2018
өлшемі40,24 Kb.
#48396
түріСабақ
Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 7.2A: Тығыздық

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Конурова А. М.



Сынып: 7

Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Дене массасы. Масса өлшем бірлігі. Дене көлемі. Дененің массасы мен көлемін өлшеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.5 таразылардың (электронды, серіппелі, рычагты) көмегімен дененің массасын өлшеу;

7.2.2.6 әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді(мензурка) қолдану.



Сабақ мақсаттары

  • Дене массасы, көлемі физикалық шамалардың физикалық мағынасын сипаттау.

  • Оларды эксперимент нәтижесінде зерттеу.

Бағалау критерийлері

- масса ұғымын және оныӊ өлшем бірліктерін біледі;

- тонна, центнер, грамм, т.б масса бірліктерін кг бірлігіне ауыстыра біледі;

- қатты дененіӊ және сұйықтыӊ массасын таразыда өлшей біледі;

- қатты дененіӊ және сұйықтыӊ көлемін өлшеу әдістерін біледі және өлшей біледі;



Тілдік мақсаттар


Оқушылар: дұрыс, дұрыс емес пішінді қатты дененің және сұйықтардың массасы мен көлемін анықтау әдісін ауызша немесе жазбаша сипаттай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология: көлем, масса, сұйық, қатты дене, таразы, мензурка.

Сөздік

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

масса

масса

mass

Көлем

Объем

volume

таразы

Весы

Libra

өлшеуіш ыдыс

Мензурка

beaker







Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз … массасын анықтадық.

Біз … көлемін есептедік.

Қатты, сұйық дененің көлемін есептеу/анықтау үшін біз … өлшедік.

Біз деректерді/ақпаратты/нәтижені жазу/енгізу үшін …

Осы кестеден көрінетіндей...

Қорытындылай келе ...


Құндылықтарды дарыту



Осы сабақта балалардың бойына қатты, сұйық денелердің массасы және көлемін анықтау әдістері туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Аталған терминдерді күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, жауапкершілікті, пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика, Жаратылыстану (заттың құрылысы, дене көлемі, массасы т.б.)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну, тыңдау дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім


7.1В «Жылдамдық» бөлімі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

Активити: Өткен физикалық шамаларды үлестірме арқылы көрсету.

  • Тарсия үлестірмелері арқылы «Жылдамдық» бөлімі бойынша өтілген анықтамалады еске түсіру.

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу.

- оқушылардың сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.

- топқа бөлу. (АКТ арқылы)

Қосымша №1

http://www.classtools.net/education-games-php/fruit_machine



Сабақтың ортасы

3 минут


2 минут

10 минут


10 минут

5 минут


  • Проблемалық сұрақтар.

  • Кім шапшаң.Сәйкестігін тап.

(оқушылар жұмыстарын ауыстырып, бірін-бірі экрандағы кестемен салыстыру арқылы бағалайды)

  • Есептер шығару. (тақтамен жұмыс)

1 топ: №264

2 топ: №265

3 топ: №266 (мұғалім бағалауы)

  • Эксперименттік тапсырма.

  • Оқушыларға әр түрлі денелердің массаларын таразы көмегімен анықтауды тапсыру.

  • Оқушылармен ұсынылған таразылардың қайсысы дәл өлшейді талқылау.

  • Оқушылардан дұрыс пішіндегі дененің көлемін қалай өлшеу керектігін сұрау.

  • Содан соң әртүрлі пішіндегі дене көлемін қалай өлшеуге болатыны жайлы сұрау. Дұрыс емес пішінді дененің көлемін Vдене = V2 – V1 формуласымен есептеу керектігін түсіндіру.

1 топ: Дененіӊ массасын теӊ иінді және электронды таразы жәрдемінде өлшеу.

2 топ: Дұрыс пішінді денелердіӊ көлемін өлшеу.

3 топ: Дұрыс емес пішінді денелердіӊ көлемін өлшеу.

(экрандағы бағалау критерийі арқылы топ өзін өзі бағалайды)

  • Тест жұмысы.(АКТ арқылы бағалау)

Презентация, 4 слайд

5 слайд


Есептер жинағы

В. И. Кем,

Б. А. Кронгарт
Қосымша №2

электронды оқулық



10 слайд

PНYWE құралдары

Электронды таразы, иінді таразы әр түрлі массадағы денелер жиынтығы


Өлшеу цилиндрі, жіп, пішіні дұрыс емес денелер

(шүмегі бар ыдыс)



Сабақтың соңы
5 минут

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма: §31. 11-жаттығу.

Физика және астрономия. 7-сынып.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз
Тест жұмысы

Өзара бағалау.

Марапаттау.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Оқушыны партада дұрыс және түзу отырыуын қамтамасыз ету

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Физикалық шамаларды еске түсіру кезінде.

Эксперименттік тапсырма.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
Эксперименттік тапсырма кезінде.

шыны ыдыспен жұмыс жасаған кезде сақ болу.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу/сабақ мақсаттары дұрыс қойылған деп ойлаймын. Мақсат жеңіл болды, себебі масса, көлемі ұғымдарын оқушылар төменгі сыныптардан біледі. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді. Эксперимент арқылы мақсатқа оңай жете алды. Әсіресе, кейбір оқушылардың қойылған сұрақтарға, проблемалық тапсырмаларға жауаптары ұтқыр да ұтымды толық жауап болды. Ал, есеп шығаруда оқушылардың барлығы өз беттерімен есептерді дұрыс шығарды. Сонымен қатар, оқушылар осы сабақ барысында экспериметтік жұмыстарды орындауға дағдыланды. Сабақ барысында соңғы бөлімде уақыт кезеңдерінде ауытқу болды, оқушылар экспериментті тез жасағанымен, оны парақ бетіне түсіріп, критерийге сай безендіруінде көп уақыт жойып алды. Сондықтан тест бөліміне үлгермедік.

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Проблемалық сұрақтарға жауаптары нақты, дәл, толық болулары.
2: Дұрыс, бұрыс пішінді денелер көлемін және судың массасын анықтау эксперименттік тапсырмалары сәтті жүзеге асты.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларға жетелеуші , проблемалық сұрақтарды әр сабақ сайын қойып отыру.
2: Ойландыру, өмірмен байланыстыру.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ соңында жоспарланған тест жұмысына уақыт жетпегендіктен, келесі сабақтың қызығушылықты ояту бөлімін осы тест жұмысын өткізу қажет.




Қосымша №2

1 топ. Дұрыс емес пішінді денелердіӊ көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: ________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________ ___________________________________________

Қажетті құрал-жабдықтар: _________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________




Өлшенетін дене

Өлшеуіштегі судыӊ бастапқы көлемі

(V1, см3)



Дене сұйыққа түсірілгеннен кейінгі көлемі (V2, см3)

Дененіӊ көлемі

V=V2-V1

(см3)

1













Тәжірибе қорытындысы: _____________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2 топ. Дұрыс пішінді дененіӊ көлемін өлшеу

Жұмыстың мақсаты: ________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________ ___________________________________________

Қажетті құрал-жабдықтар: _________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________




Өлшенетін дене

Дененіӊ қабырғаларыныӊ өлшемдері (cм)

Дененіӊ көлемі (см3)

а

b

c

Vb c

1
















Тәжірибе қорытындысы: _____________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3 топ. Дененіӊ массасын теӊ иінді және электронды таразылар жәрдемінде өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: ________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________ ___________________________________________

Қажетті құрал-жабдықтар: _________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________




Өлшенетін дене

Таразыдағы жүктер жиынтығы

Дененіӊ массасы (m)

г

кг

1

Қатты дене










2

Сұйық











Тәжірибе қорытындысы: ____________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет