1-тапсырма: «Кім жылдам?» жеке жұмыс
1.Дөңгелек диаграмма не үшін қажет?
(толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп,сол бөліктерді салыстыру үшін қажет)
2.Дөңгелек диаграммада 110-ге сәйкес бұрыштық градустық өлшемі қандай? (3600*0,1=360)
3.Диаграммалардың неше түрі бар? 3
4.Диаграмма не үшін қажет?
5.Диаграмма құру үшін алдымен қандай жұмыстар орындалуы керек?
6.Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграмма нені білдіреді?
7.Диаграмманың тағы да қандай түрлерін білеміз?
8.Диаграмманың өмірде қандай қолданыста кездестіріп жүрсіңдер?
Дескриптор:
-дөңгелектің толық бұрышының ауданын біледі.
-транспортир көмегімен секторларды сала алады.
Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадан геометриялық фигуралар көрінеді оқушылар өз тобымен сол фигураны кескіндейді. Мысалы түзу сызық көрінсе әр топ бір түзу сызык бойында тұру керек осылайша бірнеше фигураларды кескіндейді
Мақсаты:Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге дағдыландыру.
1-тапсырма: Деңгейлік тапсырма .
А деңгейінің тапсырмасы;
Марқакөл көлінің ауданы 455км2,Теңіз көлінің ауданы 2076 км2,ал Зайсан көлінің ауданы 5000 км2. Көлдердің ауданын жүздікке дейін дөңгелектеп,бағанды диаграмма салыңыздар.
В деңгейінің тапсырмасы;
Берілген кесте бойынша есептің шартын құрастырып,диаграмма салыңыз.
1%
|
5%
|
10%
|
25%
|
50%
|
75%
|
3,6
|
18
|
36
|
90
|
180
|
270
|
С деңгейінің тапсырмасы
Өмірмен байланыстырып мысал құрастырып, Excel бағдарламасында диаграмма салыңдар
Оқушылар ноудбугде диаграмма құрады
Бағалау: Қалыптастырушы бағалау арқылы,яғни дұрыс шығарған жағдайда «жарайсың» деген мақтау сөзбен, ал қате болған жағдайда С деңгейіндегі оқушы есептің шығу шолына көмектеседі.
Математикалық сауаттылық есебі.
2-есеп.Шолпан жидектің әр түрінен бірнеше килограмм тосап әзірледі.Төменде көрсетілген диаграммадағы мәліметтерден ең көп әзірленген жидек тосабы ең аз әзірленген жидек тосабынан қаншаға артық екенін анықтаңыз.
Дескриптор:
1.Ең көп дайындалған тосапты табады.
2. Ең аз дайындалған тосапты табады.
3. айырмасын анықтайды.
Пиза тапсырмалары:
Зедландия мемлекетінің экспорты туралы диаграмма берілген. Бұл мемлекетте ақша ретінде зед қолданылады.
1-сұрақ.1998 жылы Зедландия экспортының құнының барлығы қанша млн зед болды?
Дескриптор: Оқушы диаграммадан жылға сәйкес құнды анықтайды.
2-сұрақ.2000 жылы Зедландия экспорттаған жеміс шырынының құны барлығының қанша пайызы?
Дескриптор: Диаграммаға қарап жеміс шырынының пайызын анықтайды.
|