Жаратылыстану пәнінде жер бетіндегі судың және құрлықтардың дөңгелек диаграммаларын салуда, информатика пәндері графикалық кестелер құруда, диаграмма салуда сабақты таныстырылымда кездеседі.
Тақырып бойынша алдыңғы білім
Санның пайызын табу есептерін шығара алады; ондық, жай бөлшектер туралы толық біледі; градустық бұрыштарды өлшеп сала алады.
1.Ұйымдастыру кезеңі. «Ұлттардың амандасуы» атты тренинг өткізу. Үлестірме қағаздардағы ұлттардың суреті арқылы топқа бөлу, әр топ амандасу салтын көрсетеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Көршіңді тексер» тәсілі арқылы оқушылар көршілерінің дәптерлерін тексереді.
3. Топқа бөлу. (диаграмма түрлері арқылы) «Дөңгелек», «Бағанды», «Сызықтық»
Топқа бөлу үшін топ аттары жасырылып жазылған үш түрлі түстен тұратын фигураларды оқушыларға таңдату арқылы 3 топқа бөлу. Топқа бөлінетіндігін бұрын хабарламай, түстерді таңдаған соң айту.