4. Жаңа материалды игеруге дайындық.
Топтық жұмыс. Жаңа сабақты ашу мақсатында «Сөзді тап» кестесімен жұмыс жасау. Кестенің төменгі жолына кестеде берілген тапсырмалар жауабына сәйкес тапсырмалар тұсындағы әріптерді қойып, жасырылған сөзді табу.
«Сөзді тап» кестесі
Тапсырмалар:
А. 1%-ды жай бөлшекпен жазыңыз.
Г. бөлшегін процентпен жазыңыз.
Д. 0,07 ондық бөлшегін процентпен өрнектеңіз.
И. бөлшегі неше процент?
М. Сыныптағы 20 оқушының 80%-ы спортпен шұғылданады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен шұғылданады?
Р. 60 санының 20%-ын табыңыз.
Жасырылған сөз: «ДИАГРАММА».
5. Ұжымдық жұмыс. Жаңа тақырыпты «Тыңдап отырған үштік» тәсілі арқылы меңгерту
І топ – Шешен тақырыпты түсіндіреді. Диаграмма – грек тілінен аударғанда «сурет», «бейне», «сызба» деген ұғымды білдіреді. Мәліметтердің арақатынасын көрнекі етіп көрсету үшін қолданылады. Диаграммалар арқылы мәліметтердің сандық айырмашылықтарын анық көруге болады. Диаграммалар дөңгелек, бағанды және сызықтық диаграммаларға бөлінеді.
Дөңгелек диаграмма толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыра кескіндеу үшін қажет. Дөңгелек диаграммада дөңгелектің центрі болатын О нүктесінің айналасындағы толық (360°) бұрыш, шаманың құрамды бөліктеріне сәйкес бөлінеді;
Бағанды диаграмма түзу бойында бірдей қашықтықта орналасқан ендері бірдей, ұзындықтары шамалардың сан мәндеріне сәйкес бағандардан тұрады.
Сызықтық диаграмма бағанды диаграмма секілді салынады. Тек бұл жағдайда шамалар кесінді арқылы көрсетіледі.
ІІ топ – Тілші көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Процент бойынша дөңгелек диаграмма салуға, бөлшекпен берілген бөліктер бойынша дөңгелек диаграмма салуға мысал келтіріңіздер.
ІІІ топ - Хатшы қажетті жерлерін түртіп алып, соңында қорытынды береді.
|