Сабақ тақырыбы: «Диана плюс»



бет2/2
Дата08.09.2017
өлшемі267,96 Kb.
#30327
түріСабақ
1   2
Дайындау цехының қызметі: тігін өндірісінде дайындау цехы мынадай жұмыстарды атқарады: материалдарды түсіру, байламын ашып, материалдар мен маталарды сан жағынан қабылдап алу; маталардың сапасын, мата бөліктерінің ені мен ұзындығын бақылау; лекало жайылмасын бормен сызу; материалдарды пайдалану мөлшерін шығару; пішу цехтарына төсемдерді комплектілеп беру.
Тігін жабдықтарын көрсетіп түсіндіру. Әр түрлі арнайы жабдыктарын көрсетіп түсіндіру, аппараттармен таныстыру. Жұмыс істеп отырған жұмысшыларды қалай жұмыс жасап жатқандарын көрсетіп қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіруЖұмысшының престе жұмыс істеп тұрғаның көрсету. Буы бар үтіктердің жалпы құрылымын көрсету. Жұмыста қолдануын көрсету. Арнайы машиналарды қандай операция орындайтындарын көрсету. Жұмысшылардың жұмыс киімдеріне назарларын аудару. Экперементальный цехындағы негізгі міндеттер: киім үлгілері мен конструкцияларын құрастыру, модельдерді өндіріске жіберуге әзірлеу, модельдер өңдеу технологияларын сынап тексеру және жаңа құрал жабдықтарды пайдалану ұсыныстарын әзірлеу. Жаңа моделдерді өндіріске жіберудін технологиялық процесстерін бақылау. Экперемент өңдірісі модельдеу конструкциялау лекало дайындайтын бөлімдерінен мөлшерлеу тобына және тігін лабораториясынан тұрады.

Жаңа тақырыпты игеру байланысты еңбек тәсілдерін көрсету: Пішу, тігу, эксперементальный, жеке тапсырыс алатын цехтарымен таныстыру.

Еңбек тәсілдерін көрсеткенде оқушылар назарын аудару: Машиналарда және арнайы машиналарында жұмысшы қалай отыру керектігіне, жұмысшылардың киімдеріне, престе, үтікте және пішу цехындағы пішаққа (пішу столындағы) жұмыс жасағанда қандай қауіпті жерлеріне назарларын аудару.

Кіріспе нұсқаудың жаңа материалы бойынша білімдерін пысықтау:

  1. Тігіншінің арнайы киімдеріне нелер жатады?

  2. Үтікпен немесе престе жұмыс жасағанда аяқ астында не жатуы тиіс?

  3. Фабрикада болған саяхат қандай әсер берді?

ІІІ. Жаттығулар мен оқушылардың өз бетімен жұмыстандыру: (155-165 мин)

Оқушылар фабрикадағы цехтарды аралап бәрін қарап шығады. Түсінбеген жерлерінде сұрақ қойып, жабдықтармен танысады.



ІV. Соңғы нұсқау: 25 мин.

  1. Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау. Бүгінгі сабақта тігін фабрикасында саяхаттап, тігін машиналарынмен танысу, жұмыс орныдарымен танысу.

  2. Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау.

  3. Үй жұмысын тапсыру.

  4. Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет