2 апта: Практикалық сабақ тақырыбы: Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі. Практикалық сабақ мазмұны: 1. Дыбыс туралы ұғым.
2. Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі.
3. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.
4. Дыбыс ырғағы, күші.
Дыбыс туралы ұғым.
Дыбыс, кең мағынасында – газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында – адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс. Егер дыбыс таралатын орта болмаса дыбыс та болмайды.