Сабақ тақырыбы: Дыбыстар түрлері және дыбыстар тіркесі. Практикалық сабақ мазмұны



бет3/5
Дата09.02.2022
өлшемі30,7 Kb.
#131203
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
қазақ тілі № 2

Тыныс мүшелерінің бастысы - өкпе. Өкпе қолқамен ұштасады. Қолқа екі тарамданып, жоғары жақтан кеңірдекпен жалғасады. Өкпе көрік секілді. Бірде ауаны сыртқа жібереді. Яғни экспирация жасалады. Ал бірде ауаны ішке тебеді, яғни инспирация жасалады. Ауаның кеудеге енуі өкпенің аясын кеңейтеді, ол ауаның кеудеден шығуы өкпенің аясын тарылтады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуымен байланысты жасалады.
Тамақ мүшелерінің бастысы - дауыс шымылдығы. Тамақ - кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы. Тамақтың сырт жағында жұтқыншақ, ал іш жағында дауыс шымылдығы болады. Кеңірдектің арт жағында өңеш болады. Тамақ, пен кеңірдек-ауа, дыбыс жүретін жол. Өңеш - тамақ жүретін жол. Тамақтың іш жағында қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы болса,: ол астьңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы болып табылады. Дауыс шымыдылғының арасы дауыс түтігі деп аталады. Дауыс шымылдығы ауаға тосқауыл жасайды. Ол кейде керіліп, кейде жиырылып тұрады. Дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болады. Сөйтіп, одан үн болмайды, үн де шықпайды. Үнділерді айтқанда дауыс шымылдығы жиірек дірілдейді. Ал, ұяңдарды айтқанда сирегірек. Қатанда діріл болмайды.
Қуыс мүшелері кызметіне қарай үш топқа бөлінеді:
1.Тамақ қуысы.
2.Ауыз қуысы.
3.Мұрын қуысы.

Тамақ қуысы жоғарыда айтқандай тамақтың жоғары жағында, ауыз қуысының арт жағында болады. Тамақ қуысынын жиырылуынан салдыр пайда болады. Тамақ қуысы дауыстылардың әуенін жасауға қатысады. Ауыз, мұрын қуысы да дыбыстарға жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады. Ауыз қуысындағы мүшелер: бұл мүшенің бастысы - тіл. Тіл өте жылжымалы келеді. Ауыз қуысындағы өзге мүшелерге қақтығысып ілгері - кейін жүйткіп отырады. Тіл қимылы арқылы жуан, жіңішке дауысты дыбыстар жасалады. Тіл мен тістің қимылы арқылы т, д дыбыстары жасалады. Мысалы: к, ғ, к, г сияқты тіл арты дыбыстары жасалады. Ауыз қуысындағы мүшелердің бірі - ерін. Дыбыстарды шығаруда үстіңгі еріннен гөрі астыңғы еріннің қызметі мол. Ерін қызметі аркылы еріндік дауыстылар жасалады. Мысалы: о, ө, ү, ү, у. Сондай-ақ дауыссыз дыбыстар да жасалады. Мысалы: б, м, п. Ауыз қуысындағы тағы бір мүшенің бірі - таңдай. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше үш топқа бөлінеді: 1. Алғы таңдай. 2. Орта таңдай. 3. Артқы таңдай.


Алғы таңдай. Үстінгі күрек тіс тұрған қызыл иекпен (альвеолярмен) ұштасады. Дауыссыздар альвеоляр арқылы көп жасалады.
Артқы тандай кішкене тілмен жалғасады. Кішкене тілдің екі түрлі қызметі бар: 1. Кішкене тіл ауыз жолын бөгейді. Мұнда іштен шыққан ауа мұрын жолы арқылы өтеді, яғни м, н, н дауыссыздары жасалады. Іштен шыққан ауаны фонациялық ауа деп атайды.
2. Кішкене тіл мұрын жолын бөгейді. Онда фонациялық ауа ауыз жолы арқылы өтеді. Ауыз қуысы бірде тартылып, бірде керіліп тұрады. Мұндай кезде иектің қызметі мол. Иекпен ұласып жатқан мүше - тіл. Ол кейде төмен түседі. Онда ауыз мол ашылады. Ал, иек жоғары көтерілсе, ауыз тар ашылады. Тіліміздегі дауыстылар ауыздың кең және тар ашылуына байланысты ашық және қысаң дауыстылар болып екіге бөлінеді. Мұрын қуысы арқылы көбінесе үнді дауыссыздар жасалады.Үнді дауыссыздар жасалу орны ауыз қуысы болғанмен фонациялық ауа мұрыннан шыққандықтан оларды мұрын жолды үнділер дейді. Дыбыстау мүшелерінің қызметі кейде актив, кейде пассив болады. Актив мүшелер жылжымалы келеді. Ал, пассив мүшелер онша көп әрекет жасалмайды. Тіліміздегі дыбыстардың көбі актив мүшелердің қимылынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет