Ой түйіндеу
Наурыз тойы
Дәстүр
Тұсау кесер
Қыз ұзату
Бесікке салу
(интерактивті тақтада орындалады)
Осылайша өткен тақырып бекітіледі. Психологиялық дайындық
Бүгінгі сабақта мынандай маңызды сұрақтарға жауап береміз:
Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?
Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?
Неліктен ас ішер алдында қолды жуып, тісті тазалау керек?
Балалар, өткен сабақтарда біз отбасы мүшелері туралы айттық.
Отбасы мүшелеріне не жатады?(әке-ана, ата-әже, аға-іні, әпке-сіңлі)
Дұрыс сол кісілердің қандай болғанын қалайсыңдар?( Дені сау,ұзақ өмір сүргені)
Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі – дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.
Қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?( интерактивті тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген)
Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (оқушылар ойларын айтады)
Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.
Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме: тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.
Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.
Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады.
Тамақты жеткіліксіз, артық мөлшерде ішу ағза үшін зиянды.
Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Фуик ойлап тапқан. Ол күріш дәнінің сыртындаға қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «vita» сөзі(өмір) мен «амин» сөзін қосып, витамин деп атаған.
А витамині сәбізді, алмада көп болады, ол көздің көруін жақсартады. Орамжапырақта С витамині көп, оның көмегімен тістерің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтереді. Адам белгілі бір мөлшерде күніне 4-5 рет уақытылы тамақтану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |