Байланысты: 13.06.20. Математиканың теориялық негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі
Жалпы, берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу үшін: Берілген сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазу.
Екі санның да жіктелуіне кіретін жай көбейткіштерді ең кіші дәреже көрсеткішімен алу.
Осы көбейтіндінің мәнін табу. Шыққан нәтиже берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші болады.
Ең кіші ортақ еселікті табу үшін:
Берілген сандардың әрқайсысын жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазу.
Екі санның ең болмағанда біреуінің жіктелуіне енетін жай көбейткіштерді ең үлкен дәреже көрсеткішімен алу.
Осы көбейтіндінің мәнін табу. Шыққан нәтиже берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.
1-мысал. 60,525 және 264 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші мен ең кіші ортақ еселіктерін табайық.
60==2²·3·5, 252=2²·3²·7, 264=2³·3·11.
Б(60,252,264)= 2³·3=12.
Е(60,252,264)= 2²·3²·7·11=27720.
2-мысал.48 және 245 сандары үшін ең үлкен ортақ бөлгішті және ең кіші ортақ еселікті табайық: 48=2·3, 245=5·7²
Б(48,245)=1, Е(48, 245)=10760.
Қосымша ескерту:
Vkgk.kz колледж сайтынан дайын жүктелген материалдарды алуға болады
Топтырыңыздың электронды почтасында да осы материалдар жүктелген
amanova_gk@mail.ru почтасына жіберуге болады
Әдебиеттер тізімі:
Абдрахманов К.К., Ермекбаева А. Математиканың бастауыш курсының негіздері. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2008.
Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Х. Математиканың теориялық негіздері. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2008.
Төлегенов Ө.Ш. Математиканың бастауыш курсының теориялық негіздері. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2011.