Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Мектеп: №18
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Масштаб
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.1.5 масштаб ұғымын меңгеру;
6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
масштаб ұғымын меңгереді;
картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолданады;
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру:1-3 Слайд
Оқушылар назарын сабаққа аудару, сабақ тақырыбымен сабақ мақсатымен таныстыру.
2.Cтартер:4 Слайд,
сұраққа жауап алып және дауыстап оқыту.
3.Өмірмен байланысты суреттерді көрсету.5-6Слайд.
4. Алдынғы сабақ бойынша масштаб ұғымын еске түсіру мақсатында: 7-8 Слайд.
Сөйлемді аяқтау және масштаб анықтамасын сұрау.
5. Ауызша тапсырманы орындау.
|
Амандасу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ой-қозғау:
С-1:Масштаб дегеніміз не?
С-2: Масштаб қайда және не үшін пайдаланады?
С-3: Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есе кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
|
http://www.mathematics-repetition.com/tag/reshenie-zadatch-na-masshtab
|
Сабақтың ортасы
|
Өз беттік жұмыс
Тест бойынша жұмыс.
1 нұсқа
1.Спорттық базалардың арақашықтығы карта бойынша 8 см-ге тең. Егер картадағы 1 см жербетіндегі 11 км-ге сәйкес келсе, онда шаңғышы бір базадан екінші базаға бару үшін қанша арақашықтық жүру керек.
1) 108 км 2) 58 км 3) 88 км 4) басқа жауап
2. Картаның масштабы 1:100000. Егер жер бетіндегі арақашықтық 13 км болса, онда картадағы арақашықтықты анықтаңдар.
1) 13 см 2) 26 см 3) 13 мм 4) басқа жауап
3. Картаның масштабы 1:1000000. Егер картадағы арақашықтық 6 мм болса, онда жер бетіндегі арақашықтық неге тең.
1) 6000 км 2) 6 км 3) 600 км 4) басқа жауап
4. 18 км газ жалғайтын провод картада 5 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.
1) 1:3700000; 2) 1:1850000;
3) 1:370000; 4) басқа жауап.
5. Деталдың ұзындығы сызбада 1:3 масштабпен
12 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы
1:4 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?
8 см 2) 7 см 3) 12 см 4) басқа жауап.
|
Жұптық жұмыс: (практикалық тапсырма) 10минут
1-тапсырма
Пәтердің кішірейтілген кескіні берілген,1торкөз 1см-ге тең деп алып, пәтердің ауданын табыңыз. Жауабын беріңіз
2-тапсырма
Мектептегі математика кабинетінің 1:200 масштабымен кескінделген планын сызыңыздар
Оқулықмен жұмыс:( жеке жұмыс ) 15минут
Жеке жұмыс
1-тапсырма
Атырау мен Алматының арақашықтығы (түзу бойымен алғанда) 1800 км. Картаның масштабын анықтаңыз.
Дескриптор: Білімалушы
Атырау мен Алматының картадағы арақашықтығын өлшейді;
масштабтың анықтамасын қолданады;
бірдей өлшем бірлікке келтіреді;
қатынасты қысқартады;
жауабын жазады.
2-тапсырма
Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, нақты қашықтығы 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.
Осы екі қаланың 1: 25 000 000 масштабымен берілген картадағы арақашықтығын табыңыз (жауабын сантиметрмен беріңіз).
Дескриптор: Білімалушы
масштабтың анықтамасын қолданады;
км-ді см-ге айналдырады;
пропорцияның негізгі қасиетін қолданады;
жауабын жазады.
|
Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»
1-10 баллдық жүйеде бағаланады.
|
6 сынып оқулығы. 1-бөлім.
Әбілқасымов А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә., 2018ж «Мектеп» баспасы
|
Сабақтың соңы
|
Картаның масштабы 1:1000000. Егер картадағы арақашықтық 41 мм болса, онда жер бетіндегі арақашықтық неге тең.
1) 6000 км 2) 6 км 3) 600 км 4) басқа жауап
4.45 м газ жалғайтын провод картада 1,25 см болып кескінделген. Картаның масштабын табыңдар.
1) 1:452500; 2) 1:36200;
3) 1:3620; 4) басқа жауап.
5. Деталдың ұзындығы сызбада 1:200масштабпен
8 см-ге тең. Осы деталдың ұзындығы
1:70 масштабпен жасалғанда неше сантиметрге тең болады?
7 см 2) 5 см 3) 6 см 4) басқа жауап.
Жауаптары:
… мағанқызықболды?
|
Кері байланыс
1.Масштаб дегеніміз не?
2. Сабақта қандай жаңа мағұлмат алдыңыз?
Рефлексия
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Үйге тапсырма /қайталау
|
|
|