Сабақтың басы
|
Оқушылармен сәлемдесу;
Жұпқа бөлу: қағаз қиындыларында жазылған сандар құпиясын дұрыс табу арқылы оқушылар топтарға бөлініп отырады.
Жұптағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, комментарий жазу арқылы бағалайды.
|
Сыныппен жұмыс:
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.
Білімді өзектендіру. Фронтальдық сұрақтар.
Тапсырма 1.
Өткен сабақта қандай тақырыптарды оқыдық?
Оң және теріс сандар, координата сызығы, қарама-қарсы сандар, санның модулі
Оң және теріс сандарды еске түсірейік.
Оң сандарға мысал келтіріңіздер.
Теріс сандарға мысал келтіріңіздер.
Оң және теріс санның арасындағы айырмашылық қандай?
0 саны жайлы не білесіз?
13; -7.2; 0; 46; -46 сандарынан мына сандарды теріп айтыңыз:
а) оң сандар;
б) теріс сандар;
в) оң санға да, теріс санға да тиісті емес сан.
Жауабы:
а) 13; 46;
б) -7,2; -46;
в) 0.
|