Экономикалық ойлау адамзат қоғамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді.Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін
зерттейді.
Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі.
Айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.
Ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.
Экономикалық заңдылықтар
Экономика пәні бірнеше қызметтер атқарады:
● Танымдық қызметі- қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.
● Дүниетанымдылық қызметі– экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.
● Ғылыми болжам қызметі- ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.
● Тәжірибелік қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.
● Әдіснамалық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |