Экономика пәні қоғамдық ғылым ретінде үш сұраққа жауап беруі тиіс:
Сұрақтар Не өндіру керек ? Кім үшін өндіру керек ?
Қалай өндіру керек ?
Экономиканың жалпы әдістеріне мыналар жатады: 1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстардың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу.
2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөліктерге бөліп талдап көрсету.
3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету.
4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.
6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.
7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру.
Экономика бөлімдері:
Микроэкономика – (тұтынушылар мен фирмалар туралы ілім)- Әрбір жеке адамның, мемлекеттің, жалпы қоғамның сұранысына әсер ететін себеп – салдар байланыстарын зерттеу.
Макроэкономика – Экономиканы жалпы зерттеу. Өндірілген өнім көлемі , бүтіндей табыс, жұмысбастылық мәселесі, оны арттыру, тауар өндіру мен қызмет көрсетуді ұлғайту мәселелерін шешу.