Сабақты бекіту
Карточкамен жұмыс
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Өткізгіштік ток дегеніміз не?
3. Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары қандай?
4. Ток күші дегеніміз не?
5. Ток тығыздығы дегеніміз не?
6. Электр кернеуі дегеніміз не?
7. Ток көзінің электр қозғаушы күші дегеніміз не?
8. Вольтамперлік сипаттама деп не айтылады?
9. Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не?
10. Ток күшінің кернеуімен кедергіге тәуелділік заңын ашқан қай ғалым?
Блок схема
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру ( Тірек конспект, кодоскоп арқылы)
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
I=
U=I·R
R=
ρ=
R=ρ
ρ=ρ0(l+αt)
1. Тұрмыста және техникада әртүрлі қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, тұтынушылар, электрқозғалтқыштары т.б. қолданылады.
Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар
1) тізбектей жалғау схемасы
R1 R2
Rn
1. I=I1=I2=...=In3. R=R1 + R2 + ... + Rn
2. U=U1 + U2 + ... + Un4. U1:U2:...:Un=R1 :R2 : ... :Rn
Сонымен өткізгіштерді тізбектей қосқанда:
1) барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей;
2) тізбектің жалпы кернеуі жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең;
3) тізбектің жалпы кедергісі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына тең;
4) өткізгіштердегі кернеу түсі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал.
2) параллель жалғау схемасы
I1 R1
I2 R2
Iа b I
In Rn
1. U = U1 = U2 = ... = Un .3. = + + ... + .
2. I = I1 + I2 + ... + In. 4. I1 : I2 : ... : In = : : ... : .
Қорыта айтсақ өткізгіштерді параллель қосқанда:
1) әр өткізгіштегі кернеу түсуі бірдей және тізбектің берілген бөлігіндегі жалпы кернеуге тең;
2) тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші өткізгіштердегі токтардың қосындысына тең;
3) жалпы кедергіге кері шама өткізгіштердің кедергілерінің кері шамалары-ның қосындысына тең;
4) өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілері-нің шамаларының қатынасына тең.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электр желдеткіш, аспаптар, музыкалық центрлерде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |