Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тұрақты электр тогы
|
Мектеп: Талдықорған қаласы дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты
|
Күні:23.02.2021ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Раматулла Әсем
|
Сынып: 8 Б
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Электр тогының химиялық әсері (Фарадей заңы).
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
8.4.2.18– сұйықтардағы электр тогын сипаттау;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар білуі тиіс:
Оқушылар электролиттерге мысал келтіре алады, электролиттік диссоциация, рекомбинация процесстерімен танысу;
Электролиттердегі электр тогы дегеніміз не екенінбіледі, электролиз заңынаесептершығару;
Алғанбілімдерінөмірменбайланыстыру.
|
Бағалау критерийлері
|
Электролиттердегі электр тогын тасымалдайтын бөлшектерді,электролиз заңының анықтамасынайта алады.
Фарадей заңын қолданып есептер шығарады, тізбек жинай алады.
Тұрақты электр тогының заңдылықтарын қолданып күрделі есептерді шығарады, формулаға түсінік бере алады, алған білімін өмірде қолдана алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар білуі тиіс: Оқушылар электролиттердегі электр тогын тасымалдайтын бөлшектерді біледі, электролиз заңының анықтамасын айтып, есептер шығарады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
Электролиттер,электролиттердегі электр тогы, рекомбинация, электролиттік диссоциация,Фарадейдің заңы, заттың электрохимиялық эквиваленті.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Сұйық өткізгіштер – электролиттердегі электр тогының табиғаты ......................... қарағанда өзгеше.
Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса тұздар мен металдардың қорытпалары ............ деп аталады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, өзара түсіністік, бірлік, ұқыптылық, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Химия, математика,биология.
|
Бастапқы білім
|
Оқушылар металдардағы электр тогы тақырыбының теориясын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5 мин
5-8 мин
|
1.Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында «Жалған және шын» әдісі арқылы қайталау жүргізу.
Жеке жұмыс.
1.Металдардағы еркін электр тогын тасымалдаушылар электрондар деп аталады. (ия)
2.Кристалл тордың түйіндеріне теріс зарядталған электрондар орналасады.(жоқ)
3.Қатты күйдегі металдардың негізі кристалл торы болып табылады. (ия)
4.Металдың әдеттегі күйінде оның электрондары ретпен қозғалыс жасайды. (жоқ)
5.Еркін электрондардың реттелген қозғалысы металдардағы электр тогы деп аталады. (ия)
6.Өткізгіш ішіндегі электр өрісіндегі электронныңтаралу жылдамдығы шамамен жарық жылдамдығынан өте аз болады. (жоқ)
7. Металдардың электрондық өткізгіштігінің эксперименттік дәлелдемелері Мандельштам мен Папалекси (1913) және Стюарт пен Толмен (1916 ж.) орындаған тәжірибелерде берілген. (ия)
8.Мандельштам мен Папалекси бөлшектер зарядының олардың массасына қатынасын анықтады. (жоқ)
9.Электрон зарядының электрон массасына қатынасы 1,8Кл/кг тең. (ия)
10.Металл электрондарының әдеттегі күйдегі қозғалысына, желсіз ауадағы шіркейлер тобының ретсіз қозғалысы ұқсайды.(ия)
2. Ой қозғау.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын айқындау үшін сұрақтар қоюарқылы ой қозғау жүргізеді.Сұрақтар қою арқылы тақырыпты таныстырады.
1) Электролиттерге қандай заттарды жатқызуға болады?
2) Қандай процесті электролиз дейді?
|
Таратпа материал
|
Сабақтың ортасы
8-18 мин
18-30 мин
30-38 мин
|
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушылар жұпта шағын зерттеу жұмысын жүргізеді
Электродта бөлінген заттың массасының ток күшіне тәуелділігін зерттеу
Электродта бөлінген заттың массасының уақытқа тәуелділігін зерттеу
Зерттеу нәтижесін қолданып оқушылар электродта бөлінген заттың массасы ток күші мен уақытқа тура пропорционал екенін түсінулері тиіс.
Оқушылар электролиз заңын тұжырымдайды, қажеттілік туындаған жағдайда мұғалім толықтырады.
4.Сабақты бекіту.
1.Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 минут бойына 5 А токты пайдаланды. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері жұмсалады? (K=1.118*10-6 кг/кл)
2.Тотияйын ерітіндісін элктролиздеуде 50 минут ішінде 6г бөлінсе онда жүріп өткен токтың күші қандай?
3. Алтынның электрохимиялық эквиваленті 6,81*10-7 кг/Кл. Бұл сан нені білдіреді?
4. Электролит арқылы 1,5 А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
Тест тапсырмалары
І деңгей.
Металл заттарды мырышпен қаптау үшін электролиттік ваннаға массасы m = 0,01 кг мырыш электроды батырылған. Электрод толық шығындалу үшін ванна арқылы қандай заряд өту керек. Мырыштың электрохимиялық эквиваленті: K =3,4 *10-7 кг /Кл
А. 5*107 Кл.
В. 2,9*104 Кл.
С. 4,2*10-7 Кл
Д. 4*10-5 Кл
ІІ деңгей.
5 сағат ішінде катодта 61,2гр цинк бөлініп шығуы үшін ZnSO4 ерітіндісі арқылы қандай ток күшін жіберу керек. Цинктің электрохимиялық эквиваленті: K =3,4 *10-7кг /Кл
А) 10А. В) 8А. С) 6А Д) 5А. Е) 4А
ІІІ деңгей.
Жалпы ауданы 170см2 металл бұйымды электролиз арқылы 1А ток күшікезіндеалтынменқаптау 2 сағатқасозылды. Алтын қабатының қалыңдығын анықтаңыз. Алтынның тығыздығы ρ = 19300 кг/м3,
Электрохимиялық эквиваленті:K =68*10-8 кг /Кл
А) 0,025 мм. В) 0,023 мм. С) 0,02 мм.
Д) 0,17 мм. Е) 0,015мм
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Электролиз заңын қолданады
|
-Электрохимиялық эквивалентті сипаттайды
- Электрохимиялық эквивалентті анықтайды
- Токтың күшін анықтайды
-Заттың массасын анықтайды
|
|
Презентация
Таратпа материал
Таратпа материал
|
Сабақтың соңы
37-40 мин
|
5. Рефлексия
Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:
Біз бүгін не білдік?
Бізге нені түсіну қиын болды?
Біз болашақта нені білгіміз келеді?
Үш топ бірлесіп сабаққа пікір қалдырады.Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.
6. Үйге тапсырма:
Электролит ерітінділеріндегі электр тогы. Электр тоғының химиялық әсері. Фарадей заңы тақырыбын қайталау. 23 - жаттығу,№2,6 есеп.
|
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау.Өздік, жұптық, топтық жұмыс нәтижелерін қолдану.
|
Топтық және жұптық жұмыс барысында ереже сақтау. Ынтымақтастық атмосферасын жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақбағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Үй тапсырмасының жауабы:
4) 0,3*10-6кг/Кл
5) 0,005кг
Достарыңызбен бөлісу: |