1-топ. Жұмыс. Тұрақты тоқтың жұмысы неге тәуелді? 2-топ.Кернеу.Тоқтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытып шығарыңдар 3-топ.Қуат. Тәжірибеде қандай қуат бірліктері қолданылады? 4-топ. Тоқ күші. Джоуль-Ленц заңы қалай жазылады? Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс Қандай да бір тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы өткізгіштің ұштарындағы кернеу мен өткізгіш арқылы өткен электр зарядының көбейтіндісіне тең: A=U·q.
Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы тізбектің ұштарындағы кернеу мен ток күшінің және жұмыс атқарылған уақыттың көбейтіндісіне тең: A=UIt.
Жұмыстың өлшем бірлігі –Джоуль ( 1Дж=1В·А·с). Электр тогының есептегішімен өлшенеді.
Электр тогының қуаты кернеу мен ток күшінің көбейтіндісіне тең: Р=UI.
Қуаттың өлшем бірлігі –ватт (1Вт=1В·А). Ваттметрмен өлшенеді.
Токтың жылулық әсері.
Энергияның сақталу және айналу заңы.Электр тізбегіндегі энергияның түрленуі.
Джоуль-Ленц заңы.Тогы бар өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадраты мен өткізгіш кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең:
Q=I ·Rt.
Электр қыздырғыш приборлар.Олардың аттары,қолданылуы,сыртқы түрі,ерекше белгілері,жұмыс істеу принципі, құрылысы және пайдалану ережелері.
Электр тізбегіндегі жүктеменің артуы. Қысқаша тұйықталу.
Қысқаша тұйықталу деп электр тізбегінің ұштарын тізбек бөлігінің кедергісіне қарағанде кедергісі аз өткізгішпен жалғауды айтады.
Критерий Тұрақты тоқтың қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау.
Дескриптор Оқушылар
-тұрақты тоқтың жұмысы қандай шамаларға тәуелді соны анықтайды.
-электр тогының жылулық әсері және жұмысы мен қуаты ұғымдарын,өлшем бірліктерін түсінеді
-тоқтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытады
-Джоуль-Ленц заңының жазылуын көрсетеді.