Стиль түрлері және олардың ситаттамалары.
Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де орай сипатталады.
Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бір мәселенің өзін
алуан түрлі тәсілмен, өзінше шешеді.
Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының көзқарасы мен
сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде, жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы
нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі оның қарамағындағылардың ұдайы назарында
болып, олар мұны өзінше бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге
таралады, өйткені, жұртшылық оның жүріс-тұрысына, ісіне зер салады, соған еліктейді, содан
үлгі өнеге алуға, үйренуге талаптанады.
Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру оңайға
түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін.
Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің»,
«міндеттісің» секілді қағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң
тәртіп орнатып, оларды өзінен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді
бір бсшылардың есігі әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс
айтуға болады. Бір директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екінші біреуімұны
қажет санамайды.
Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да, отандық және шет елдік
әдебиетерде оның өзі түрліше жіктеледі.
Мәселен, Х.Кох (Германия) басшы стилін былайша бөледі:
1.
Бір жақты автократтық стиль.
2.
Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;
3.
Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып басқару стилі;
4.
Парламенттік сипаттағы басқару стилі;
5.
Бағыныштылар негізінен дербес, жоғары басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет
ететін басқару стилі.
Әдебиеттер:
1.
Дуракова И.Б. Управление персоналом.- М.,2002.
2.
Кафидов В.В. Управление персоналом. – М,, 2004.
3.
Социальная защита населения : опыт организационно – административной работы.
Уч.пос.- М., 2003.
Достарыңызбен бөлісу: |