Сабақ тақырыбы. Әлеуметтік басқару теориясының қалыптасуы, қағидалары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет27/55
Дата14.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#126512
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55
Байланысты:
downloadPdfUmkd (2)

Әдебиеттер

1.

 

Социальная защита населения : опыт организационно – административной работы. 



Уч.пос.- М., 2003. 

2.

 



Кафидов В.В. Управление персоналом. – М,, 2004. 

3.

 



Социальный менеджмент. – Льенковой. – 1998.Учебник/под ред. С.Д. 

 

 



5

 

- ДӘРІС 

Басқару әдістері. 

 

Дәрістің  мақсаты: 

Басқару  әдістерін  жан  жақты  қарастыру.  Персоналдар  мен  клинеттер 

арасындағы процестерді басқару әдістерін талдау. Басқару құрылымын талдау. 

 

Қарастырлатын сұрақтар: 



1.

 

Басқару әдістерінің классификацияы. 



2.

 

Ұйымдастыру әкімшілік әдістердің сипаттамасы. 

 

Тақырыптың  негізгі  ұғымдары: 

басқару,  әлеуметтік  басқару,  әлеуметтік  басқару  әдістері, 

тейлоризм бағыты, регламенттеу, моделдеу, персонал, менеджмент т.б. 

Басқару әдісі – бұл көздеген мақсатқа жетудегі басқарушы объектіге әсер етудің әдістері мен 

тәсілдерінің  жиынтығы.  «Әдіс»  сөзі  грек  тілінен  –  methodos  –  қандай  да  бір  мақсатқа  жету 

тәсілідегенді білдіреді. Басқарудың әдістері арқылы басқарушылық әрекеттің негізгі мазмұны 

жүзеге асады. 

Басқарудың әдістерін сипаттай отырып олардың бағытын, мазмұны мен ұйымдастырушылық 

формасын ашу керек. 

Әдістердің  бағытталушылығы  олардың  нақты  басқару  жүйесіне  (объект)  бейімділігін 

көрсетеді. 

Мазмұн – бұл әсер ету әдістері мен тәсілдерінің спецификасы. 




Ұйымдастырушылық формасы  – бұл шынайы қалыптасқан ситуацияға арнайы әсер ету. Бұл 

тікелей және жанама әсер болуы мүмкін. 

Тәртіп бойынша басқару практикасында бір мезгілде түрлі әдістерді және олардың үйлесімін 

(комбинация) қолданады. Олар органикалық түрде бір-бірін толықтырады, динамикалық тепе- 

теңдік жағдайында болады. 

Келесідей басқару әдістерін ерекшелеуге болады: 

 

әлеуметтік және әлеуметтік психологиялық, олар адамдардың қоғамдық белсенділігін 



көтеру мақсатында қолданылады; 

 



экономикалық, экономикалық қуаттауларға шартталған; 

 



ұйымдастырушылық-әкімшілік, олар тікелей директивтік сілтеулерге негізделген; 

 



өзін-өзі басқару, ол әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуінің бір түрі ретінде. 

Біршама жалпы түрде басқарушылық әсер ету әдістерін екі топқа бөлуге болады: бір аспектілі 

және  комбинаторлық.  Бір  аспектілі  басқару  әдісіне  сәйкес  белгісі  бойынша  мазмұндық 

аспектісі  нақты  айқындалғандар  жатады.  Күрделі  немесе  комбинаторлықтарға  негізгі 

әдістердің комбинациясы жатады. 

Мазмұны  бойынша  әлеуметтік  басқару  әдістері  әлеуметтік  дамудың  түрлі  объективті 

заңдарының  талаптарын  айқындайды:  экономикалық,  ұйымдастырушылық-техникалық, 

демографиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және т. с. с. 

Басқарудың әлеуметтік әдістері қоғамның әлеуметтік мақсаттарының жетістіктерімен адамзат 

жүріс-тұрысы 

мотивациясының 

тек 


экономикалық, 

ұйымдастырушылық-әкімшілік 

тәсілдерімен  ғана  байланысты  емес,  сондай-ақ  әлеуметтік  мақсаттарды  орнықтыру,  өмір 

сапасын  жоғарылату,  әлеуметтік  ұйымдарды  нығайту,  қоғамның  әлеуметтік  көрегендігін 

жоғарылату,  оның  жеке  құрылымдарын,  бірінші  кезекте  басқарушыларды  көтеруге  тікелей 

қатысты. 

Негізгілер  бола  отырып  әлеуметтік  әдістер  кешенді  ретінде  болады,  бірақ,  бұл  кешенде 

объективті  заңдылықтардың  (әлеуметтік  фактор  ролінің  өсуі)  талаптарына  сәйкес  олар 

көбінесе басқарудың мазмұндық аспектісін анықтайды және басқа барлық әсер ету әдістеріне 

векторлар  жүктейді.  Мысалы,  қазіргі  таңда  экономикалық  стимулдаумен  қатар 

шығармашылық еңбекпен, үлкен әлеуметтік қорғалумен, әлеуметтік әсердің сапасымен, фирма 

істеріне әлеуметтік ден қою сезімімен және басқадай қуаттаулар кең қолданылады. 

Әлеуметтік әдістер әлеуметтік нормалау, әлеуметтік реттеу, моральдық қуаттау және басқа да 

әдістердің  кең  спектрін  қамтиды.  Әлеуметтік  нормалау  әдістері  түрлі  әлеуметтік  нормалар 

енгізу  жолымен  әлеуметтік  топтар,  ұжымдар,  жеке  жұмыскерлер  арасындағы  әлеуметтік 

қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік  саяси  әдістер  адамдардың  әлеуметтік  басқару  біліміне  және  оған  араласуына 

мүмкіндік жасайды. 

Әлеуметтік  реттеу  әдістері  әлеуметтік  қатынастарды,  түрлі  ұжымдар,  топтар, 

индивидуумдардың  қызығушылықтары  мен  мақсаттарын  айқындау,  реттеу  жолымен 

қолданылады.  Оларға  келісім-шарттар,  өзара  міндеттер,  іріктеу  жүйелері,  әлеуметтік 

қажеттіліктерді бөлу және қанағаттандыру жатады. 

Моральдық қуаттау әдістері кәсіби іс-әрекетте белгілі бір табыстарға жеткен ұжымдар, топтар, 

жеке-дара жұмысшыларды қолдау үшін қолданылады. 

Әлеуметтік  әдістер  топтың  қалыптасуы  мен  даму  процесіне,  оның  ішінде  жүріп  жатқан 

процестерге әсер етуші әлеуметтік-психологиялық әдістер мен тәсілдерді өзіне қамтиды. Бұл 

әдістер  өзара  қарым-қатынас  жүйесі  және  әлеуметтік  қажеттіліктер  және  басқалармен 

байланысты құрамына формальды және формальды емес топтар, өз рольдері мен статустары 

бар  тұлғалар  кіретін  ұжымдарда  әрекет  ететін  әлеуметтік-психологиялық  механизмдерді 

қолдануға негізделген. 

Басқарудың  әлеуметтік-психологиялық  әдістері  ең  алдымен,  өзінің  әсер  ету  бағытын 

анықтайтын мотивациялық сипаттармен ерекшеленеді. Мотивация тәсілдері ішінен сендіру, 




иландыру,  табындыру,  ілестіру,  қоздыру,  күштеу  және  басқалардыайқындауға  болады. 

Әлеуметтік-психологиялық  әдістерді  қолданудың  тәсілдері  адамдардың  өсіп  жатқан 

әлеуметтік қажеттіліктерінің жан-жақты дамуын қанағаттандыру және осы негізде тұлғаның 

еңбек белсенділігін және ұжымдық тиімді іс-әрекетін жоғарылату болып табылады. 

Басқарудың  экономикалық  әдістері  экономикалық  заңдар  талабын  жүзеге  асыру  негізінде 

басқарудың  экономикалық  мақсаттарына  жету  тәсілдерін  өзіне  қамтиды.  Басқаша  айтқанда, 

қазіргі  мағынасында  экономикалық  әдістер  аясында  барлық  экономикалық  заңдар  мен 

нарықтық экономиканың категорияларының барлық жүйелерін саналы қолдануға негізделген 

экономикалық есептеулер түсіндіріледі. 

Ұйымдастырушылық-әкімшілік  әдістер  билікке,  дисциплина  және  жауапкершілікке 

негізделеді.  Ұйымдастырушылық-әкімшілік  әсерлер  келесі  негізгі  түрлермен  жүзеге 

асырылады: 

 

тікелей әкімшілік нұсқау; ол міндетті сипатқа ие, нақты басқарылушы объектілерге 



немесе тұлғаларға адрестеледі, нақты етек жайған жағдайға әсер етеді; 

 



бағынушылар іс-әрекетін реттеуші (нормативтік реттеу) ережелерді орнату, әкімшілік 

әсер етудің стандартты процедураларын өңдеу; 

 

ұйымдастырушылық-әкімшілік әсерлерге түсетін түрлі процестерді ұйымдастыру мен 



дамытудағы нұсқауларды жетілдіру мен енгізу; 

 



ұйымдар мен жеке жұмыскерлердің іс-әрекетіне бақылау жасау мен қадағалау. 

Басқарудың ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістерін жүзеге асыру мен қолдаудың негізгі 

формасы болыпбасқару процесіне араласу мен билік құру табылмақ. Жалпы, басқарудың 

ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістерін қолданудың объективті негізі болып басқару 

механизмінің құраушы бөлігі болатын ұйымдастырушылық қатынастар болмақ. Қалай 

болғанда да олар арқылы басқарудың маңызды функцияларының бірі жүзеге асады – 

ұйымдатыру функциясы, ұйымдастырушылық-әкімшілік іс-әрекет міндеті қарамағындағылар 

іс-әректін үйлестіру. 

Қазіргі  таңда  басқару  жүйесіндегі  басты  міндеттердің  бірі  –  басқарушы  жүйенің 

мүмкіндіктерін жүзеге асыруда біршама жағымды жағдайлар жасау. олар өзін-өзі басқарудың 

түрлі  субъектілерінің  құқығы  мен  жауапкершілігін  кеңейтетін  басқарушылық  әсерлердің  әр 

түрлі әдістерін қоданудың арқасында әсерін тигізеді. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 



Жакенова Б.Қ. Менджмент негіздері: Оқулық / Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова 

Л.М.– Астана: фолиант, 2007.- 260 бет. 

2.

 

Рахымбаев А.Б. ж.б. Менеджмент: оқу құралы / Рахымбаев А:Б:, Сабатаева Б.О., Белгібаев 



А.Қ.-Алматы: заң әдебиеті, 2006.-149 бет. 

3.

 



Сатыбалдыұлы С. Маркетинг және менеджмент негіздері: оқулық / С. Сатыбалдыұлы, Б. 

Байтанбаева. –Астана: фолиант, 2007. – 319 бет. 

4.

 

Менеджмент негіздері / К.Ғ. Ахметов., Е.Н. Сағындықов., Ү.С. Байжомартов т.б.-Ақтөбе: А- 



Полиграфия, 2005. – 519 бет. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет