Оқушылардың болжам жауаптары:
Құбылыстың ерекшелігі – үлкен тербеліс – амплитуда.
Себебі – сыртқы күштердің әсері.
Сыртқы күш тербелісінің жиілігі көпірдің жиілігімен теңенгенде
Теріс жағы – ғимараттардың бұзылуы
Дескриптор: - суреттердегі қозғалыстарды салыстырады
-резонанс құбылысын ажыратады
Оқушылармен бірге сабақ тақырыбын және мақсаттарынын қою.
Резонанс пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Пайдалы болған кезде оны арттыруға тырысады. Мысалы, жол құрылысында, үйдің іргетасын құйғанда, құйматасты (бетонды) немесе сусыма нәрселерді тығыздау үшін арнайы вибратор-тығыздағыштар пайдаланылады. Ал зиянды болғанда, резонансты болдырмау үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Мысалы, электрқозғалтқыштар, бу және газ турбиналарының табаны іргетасқа бекітілген болса, олардың тербелісі біртұтас еден арқылы машина орналасқан үйге беріледі. Соның салдарынан іргетастың еріксіз тербелістерінің амплитудасы үлкен мәнге жетіп, нәтижесінде үйдің құлауы да мүмкін.
Мұндай жағдайларда тербелістердің меншікті жиілігі сыртқы күштің жиілігімен дәл келмейтіндей ету керек.