5-Тапсырма. Жеке жұмыс БО: «Т әдісі» «Т кестесі» әдісін пайдаланып, берілген мысалдардың қайсысы резонанстың оң әсері, ал қайсысы резонанстың зиянды әсерін теріп жазыңдар.
Домбыраның, скрипканың, қобыздың дыбысының күмбірлеп қатты естілуі;
поезд вагондарының шайқалуы;
жүрген кезде шелекке құйылған судың шайқалып төгілуі;
жер сілкінісінен ғимараттардың құлауы;
атты әскердің көпір үстімен сап түзеп жүруінен көпірдің қирап сынуы;
судағы кеменің толқындарда күшті шайқалуы;
зәулім ғимараттарды тұрғызарда жасанды жер сілкінісін туғызып, топырақты тығыздау;
дыбыстың әсерінен шыны ыдыстардың сынуы;
магниттік резонанстың томография;
жүрекке жасанды массаж жасау кезінде жүрек қабының жарылы кетуі.
Дескриптор: