№59 С.Н.Шапағатов атындағы балабақша
Көркем әдебиет
Есеп беру сабағы
«Ертегілер еліне саяхат»
Естиярлар тобы
Тәрбиеші: Ибраева Р.
Ақтау қаласы 2016 ж.
Сабақ тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Сабақ мақсаты: Ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысы: - Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар жауабы.
Ендеше апта күндерін атайық.
Бүгін қай күн?
Сәрсенбі.
Бүгін біз көркем әдебиет сабағынан алған білімдерімізді тиянақтап, қорытындылаймыз.
Қане,бәріміз орындыққа отырайық.
Сол кезде есіктен Ерден ата кіреді.
Балалар амандасады.
Қане балалар, мен сендерді сынап көрейін.
Ертегі көп білесіңдер ме?
Иә.
Ерден ата: Олай болса, ертегілер қалай басталады?
«Баяғы заманда», «Ерте, ерте, ертеде»
«Ерте, ерте, екен
Ешкі жүні бөрте екен» деп басталады.
Ерден ата: Дұрыс айтасыңдар, енді мен сендерге жұмбақ жасырмақпын.
Сендер ертегінің атын және мына тақпақтағы ертегінің суретін көрсетіңдер.
Ерден ата: Баяғы заманда шал мен кемпір өмір сүріпті. Олар көмекке итін, мысығын шақырыпты.
«Шалқан» ертегісі.
«Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым»
«Бауырсақ» ертегісі.
Енді мен сендерге ауыз әдебиетінен де сұрақтар қояйын.
Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
«Еңбек түбі – береке»
«Еңбек етпеген ішіп жемейді»
«Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей»
Ал қандай жаңылтпаш білесіңдер?
Қандай тыйым сөздер білесіңдер?
«Жерге түкірме»
«Беліңді таянба»
«Көк шөпті таптама»
«Нанды жерге тастама»
«Үйге жүгіріп кірме»
Ерден ата: - Қандай өнерлі баласыңдар.
Енді балалар «Аю мен қояндарды» сахналап көрсетеді.
Тәрбиеші балаларды рольдерге бөледі.
Ерден ата: Рахмет,өркендерің өссін, бір демалып қалдым. Балалар, сендер бүгінгі сабақта өздеріңнің білімді де, білгір, тапқыр, талапты және өнерлі екендеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |