Технологиялық карта №
Пән: Бастауыш мектептегі ана тілі
Күні:
Тобы: 202 ә
Сабақ тақырыбы: Есімдік, жасалуы, жіктелуі, синтаксистік қызметі
Сабақтың мақсаты: Оқу бағдарламасы талаптарына сай білім алушылардың есімдік және оның лексика-грамматикалық белгілері туралы алған білімдерін іс тәжірибеде қолдана алуға бағыттау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік - есімдік, оның мағынасына қарай жіктелуі туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету, есімдік, оның мағынасына қарай жіктелуі туралы алған білімдерін іс тәжірибеде қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік – есімдік, оның мағынасына қарай талдауда білім алушыларды белсенді әрекетке тарту, көркем, әдеби сөйлемдер арқылы білім алушылардың бойында ізгілік қасиеттерді, өзара достық қарым-қатынасқа түсе алу дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық – есімдік, оның мағынасына қарай талдау барысында қосымша әдебиет және т.б. ақпарат көздерімен жұмыс жасауға үйрету, логикалық ойлау, талдау, қорытындылау дағдыларын дамыту
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: Теориялық
Оқыту технологиясы: СТО, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер (Топтық, шығармашылық ізденіс т.б.).
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке, топтық, жұптық жұмыстары, жинақтау, салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызбалар, оқулық, таратпа материалдар
Сабақтың техникалық құралдары: интербелсенді тақта, слайд
Пәнаралық байланыс: әдебиет, педагогика
Әдебиеттер тізімі:
1. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.
2. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. Алматы, 1966.
3. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология. Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1998.Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.
4. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
5. М.Ә.Қараев. Қазақ тілі. Алматы, 1994
6. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі
Сабақтың құрылымдық жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты өзектендіру, мотивациялау
Үй жұмысын тексеру
Жаңа білім негіздерін игерту
Білім, білік, дағдыны бекіту
Қорытындылау
Білім, іскерлік және дағдыны бағалау
Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау
Оқу іс-әрекет рефлексиясы
Сабақтың модулі:
Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушы назарын сабаққа аудару, оқу - құралдарын түгендеу.
Амандасу
Кезекшіні тыңдау
Сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ. Сабақты өзектендіру, мотивациялау
Мұқағали Мақатаевтың өлеңін тыңдату
Қызығушылықты ояту:
Есімдіктер жайлы не білеміз? Нені білгіміз келеді?
ІІІ. Үй жұмысын тексеру
Бұқаралық ақпарат құралдарынан сан есімнің емлесіне мысал теру
ІV. Жаңа білім негіздерін игерту
Есімдік, жасалуы, жіктелуі, синтаксистік қызметі
Сабақтың жоспары:
Есімдік, оның мағынасы мен құрамына қарай жіктелуі.
Есімдіктің түрленуі.
Синтаксистік қызметі
Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер есімдіктер деп аталады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен олар қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздің негізгі мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады.
Морфологиялыќ жағынан есімдіктер түрленетін сөздер ќатарына жатады.
Мыс: субстантивтік есімдіктер ќолдану ретіне ќарай зат есімдер сияќты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те, ќолданыла береді. Мысалы, біздің, сендерге, өзім, бізден, т.б. Атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер мағынасында қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді.
Есімдіктің сөзжасамы
лексикалыќ жолмен жасалып, белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арќылы жасалады:
Бір, бар, біреу, түгел, бүкіл т.б. сияқты есімдіктер, әр, күллі, пәлен сияқты басқа /араб, парсы т.б./ ауысып енген сөздер жатады.
морфологиялыќ тәсіл арќылы жасалады:
Мына-у, ана-у, сона-у және барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші тәрізді есімдіктер жатады.
Аналитикалық тәсіл арќылы жасалады:
бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, әлдеќашан, әлдеќалай, әрбір, ешкім, ешќайсы, ешќандай т.б.
Кімде-кім, ќай-ќайсы, бірде-бір т.б. ќосарланып ќолданылатын күрделі есімдіктер.
Мағыналарына ќарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1.жіктеу есімдіктері
2.сілтеу есімдіктер
3.сұрау есімдіктер
4.өздік есімдіктер
5.белгісіздік есімдіктер
6.болымсыздыќ есімдіктер
7.жалпылау есімдіктер
V. Білім, білік, дағдыны бекіту
Бақылау сұрақтары
Есімдік дегеніміз не?
Есімдіктің грамматикалық белгілері?
Есімдіктер мағынасына қарай қалай бөлінеді?
Есімдіктің түрленуі?
Есімдіктің синтаксистік қызметі?
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы. Топтық жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы топта талдау, қорғау.
Есімдік, оның мағынасы мен құрамына қарай жіктелуі.
Есімдіктің түрленуі.
Синтаксистік қызметі
VI. Қорытындылау
Таратпа қағаздармен, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
Білім, іскерлік және дағдыны бағалау
Топ жұмысын бағалау
Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау
«Есімдік елінің таңғажайып оқиғалары» тақырыбында ертегі құрау.
IX. Оқу іс-әрекет рефлексиясы
«333» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз
Сабаққа белсенді қатысқан үш студент
Жаңа тақырыптан түйгені
Келесі сабаққа үш ұсыныс
Дәріс
Есімдік
Сабақтың жоспары:
Есімдік, оның мағынасы мен құрамына қарай жіктелуі.
Есімдіктің түрленуі.
Синтаксистік қызметі
Әдебиеттер тізімі:
1. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.
2. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан. Алматы, 1966.
3. Ахметов Ә., Жүнісбекова К., Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Морфология. Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1998.Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.
4. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.
5. М.Ә.Қараев. Қазақ тілі. Алматы, 1994
6. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі
Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер есімдіктер деп аталады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен олар қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздің негізгі мағыналарына сәйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып жатады.
Морфологиялыќ жағынан есімдіктер түрленетін сөздер ќатарына жатады.
Мыс: субстантивтік есімдіктер ќолдану ретіне ќарай зат есімдер сияќты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те, ќолданыла береді. Мысалы, біздің, сендерге, өзім, бізден, т.б. Атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз сын есімдер мағынасында қолданылып тұрғанда грамматикалық жағынан түрленбейді.
Есімдіктің сөзжасамы
лексикалыќ жолмен жасалып, белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арќылы жасалады:
Бір, бар, біреу, түгел, бүкіл т.б. сияқты есімдіктер, әр, күллі, пәлен сияқты басқа /араб, парсы т.б./ ауысып енген сөздер жатады.
морфологиялыќ тәсіл арќылы жасалады:
Мына-у, ана-у, сона-у және барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші тәрізді есімдіктер жатады.
Аналитикалық тәсіл арќылы жасалады:
бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, әлдеќашан, әлдеќалай, әрбір, ешкім, ешќайсы, ешќандай т.б.
Кімде-кім, ќай-ќайсы, бірде-бір т.б. ќосарланып ќолданылатын күрделі есімдіктер.
Мағыналарына ќарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1.жіктеу есімдіктері
2.сілтеу есімдіктер
3.сұрау есімдіктер
4.өздік есімдіктер
5.белгісіздік есімдіктер
6.болымсыздыќ есімдіктер
7.жалпылау есімдіктер
Жіктеу есімдіктері
1.Жіктеу есімдік жаќтыќ ұғыммен байланысып келіп, затпен, адаммен ќатысты болады. Мұнда сөйлеуші жаќ мен, біз, біздер, тыңдаушы жаќ сен, сіз, сіздер, сендер, бөгде жаќ ол, олар болып табылады.
Бірінші, екінші жаќ үнемі адаммен байланысты болып келгендіктен, кім? кімдер? деген сұраќтарға жауап береді, үшінші жаќ адамнан басќа заттармен байланысты болғандыќтан, ќосымша не? нелер? деген сұраќтарға жауап береді.
Жіктеу есімдіктері негізінен заттыќ мағынада жұмсалғандыќтан,жалғау атаулыны түгел ќабылдайды. Мен (есімдігі) көптік жалғауды ќабылдамайды, ал ќалған есімдіктер (сендер, сіздер, біздер, олар) көптеледі. Жіктеу есімдіктері тәуелденгенде, оларға –нікі, -дікі, -тікі жұрнаќтары ќосылады. Бұл есімдікткрдің жіктелуі зат есімдерге ұќсас, 3-жаќта ешќандай ќосымша болмайды.Жіктеу есімдіктері үнемі жаќтыќ ұғыммен байланысты келеді, сол себептен олар ылғи адаммен байланысты болады.
Сөйлеуші - деген ұғымдармен
Тыңдаушы -
Бөгде кісі –
байланысты
ќолданылады
Жіктеу есімдіктерінің септелуінде өзіне тән ерекшеліктері болады.
А. Мен
І. Менің
Б. Маған
Т. Мені
Ж. Менде
Ш. Менен
К. Менімен
Сен
Сенің
Саған
Сені
Сенде
Сенен
Сенімен
Ол
Оның
Оған
Оны
Онда
Онан
Онымен
Сілтеу есімдіктері
Сілтеу есімдіктеріне бұл, бұлар, осы, осынау, осылар, сонау, ол, олар, мына, мынау, мыналар, анау, аналар, әне, әнеки, міне, мінеки деген сөздер жатады.
Сілтеу есімдіктері нұсќау, көрсету сияќты ишараны білдіріп, ќай? ќайсы? деген сұрауларға жауап береді. Бұл, осы, мына, міне сияќты есімдіктер жаќындағы нәрсені нұсќаса, сол, сонау, анау, әне тәрізді есімдіктер алыстағы нәрсені мезгейді. Сілтеу есімдігі сындыќ мағынада тұрғанда ешќандай жалғауды ќабылдамайды, ал заттыќ мағынада жұмсалғанда көптеледі, тәуелденеді, септеледі, жіктеледі. Сілтеу есімдіктері түбір тұлғада да, туынды тұлғада да кездеседі.
Сілтеу есімдіктерініњ негізінде –дай, дей жұрнағы жалғану арќылы туынды тұлғаға ие болады. Мысалы: мына-дай, сон-дай, осын-дай, ана-дай, он-дай т.б.
3. Сұрау есімдіктері
Сұрау есімдігіне кім? не? неше? қай? қандай?ќанша? ќалай? қашан?, т.б. сөздер жатады. Сұрау есімдігі сұрау мағынасын білдіру үшін жұмсалады. Сұрауға жауап зат туралы, заттыњ сыны, саны т.б. толып жатќан ќасиеттері болады.Сұрау есімдіктері морфолгиялыќ тұлғасы жағынан негізгі тұлғада да, туынды тұлғада да келуі мүмкін.
Кейбір сұрау есімдігі ќосарланып та келеді: неше-неше? қай-ќайсы? Сұрау есімдіктерінің көбі субстантивтік есімдіктер, біразы атрибуттыќ есімдіктерге жатады. Сондыќтан кім? не? қайсы? неше? нешеу? деген сұрау есімдіктер жалғауларды ќабылдаса, кейбіреуі көптелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.
4. Өздік есімдігі
Өздік есімдікке жалғыз ғана өз деген сөз жатады. өз есімдігі түбір тұлғада басќа сөздермен тіркесіп келіп иемдену мағынасын білдіреді. Мысалы: өз үйім, өз төсегім, өз жұмысым, өз үйің, өз төсегің, өз жұмысың, өз үйіңіз, өз төсегіңіз, өз үйі, өз жұмысы, өз төсегі т.б.
Өз сөзіне –ге жұрнағы жалғанып келсе, онда бөтен, басќа дегендерге синоним болады: өзге адам, өзгеге – басќаға, өзгеге көңілің тоярсың (Абай).
Өздік есімдігі көбіне тәуелдік түрде ќолданылады: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз т.б.
Өз есімдігіне тікелей септік жалғауы жалғанбайды, әуелі тәуеденіп, содан кейін септеледі.
Өз есімдігі ќосрланып та жұмсалады. Мысалы: өзді-өзі, өзінен-өзі, өзімен-өзі.
Оңаша, ортаќ тәуелденеді, зат есімше септеледі.
5. Белгісіздік есімдігі
Белгісіздік есімдігіне бір, әр, әлде деген үш сөзден жасалған отыздан аса есімдік жатады. Мысалы:
Бі-реу, кей-бі-реу, ќай-сы-бір, әр-бір т.б.
Әр-кім, әр-не, әр-ќайсы, әр-ќалай т.б.
Әлде-кім, әлде-не, әлде-ќайдан т.б.
Белгісіздік есімдіктері заттар мен ќұбылыстарды наќты түрде көрсете алмайды, оларды нұсќайды, меңзейді.
Белгісіздік есімдіктері жоќ, емес деген сөздердің немесе болымсыз етістіктердің бірімен ќолданылады. Мысалы: Жұмыссыз жүрген бір де жан жоќ (Ыбырай).
Мына екі сөйлемді салыстырып көрейік: 1. Маңдайының ортасында жалғыз ќара мең көрінеді.
2. Маңдайының ортасында жалғыз ќара бірдеме көрінеді.
6. Болымсыздыќ есімдіктер.
Болымсыздыќ есімдігіне еш, ешкім, ештеңе, ешбір, ешќайсы, ешќандай, бірде – бір, дәнеңе, түк, дым сөздері жатады.
Морфологиялыќ жағынан еш ќосымшасыз түбір тұлғада да, еш түбіріне басќа есімдіктер бірігу, ќосылу арќылы туынды тұлғада да кездеседі. Белгісіздік есімдігі болымсыздыќ мағынаны білдіреді де, сөйлемде жоќ, емес деген сөздердің немесе болымсыз етістіктердің бірімен жұмсалады.
Болымсыздыќ есімдігі жіктелмейді. Тәуелдік жалғауы мен көптік жалғауы ќоса–ќабат ештеме – лері, дәнеңе – лер – і түрінде келеді.
Болымсыздыќ есімдіктерінің тәуелденуі, септелуі біркелкі бола бермейді.
7. Жалпылау есімдігі
Жалпылау есімдігі мағыналыќ жаќтан кем дегенде екі, я одан да көп заттар мен ќұбылыстарды жинаќтап айту үшін ќолданылады. Мысалы: Міне, туған жерге таянып та ќалдыќ. Оныњ ылдиы, єр сайы, дөңі, ойпаты, ағашы, алабы, көлі, томары-бєрі менің алаќанымда. Мұндағы бәр заттарды жинаќтап кµрсетіп тұр.
Морфологиялыќ тұлғасы жағынан бар, бүкіл, күллі сияќты есімдіктер түбір тұлғада жұмсала береді, барша, барлыќ, бар етістігінен жұрнаќтар арќылы жасалған – туынды есімдіктер. Бар, барлыќ, барша есімдіктері тәуелденсе, бүкіл, күллі, бүтіндерге тәуелдік жалғауы жалғанбайды.
Жіктік жалғауын жалпылау есімдіктеріне жалғай алмаймыз.
Есімдіктің сөйлемдегі қызметі
Жіктеу есімдіктері сөйлемде барлыќ сөйлем мүшесі ќызметін атќарады.
Сілтеу есімдіктерінің мағыналары әркелкі болғандыќтан сөйлемдегі атќаратын ќызметі де әр түрлі. Дегенмен, заттың белгісі ретінде жұмсалғандыќтан көбіне аныќтауыш ќызметін атќарады. Бұл кісі – менімен таныс кісі.
Сұрау есімдігі сөйлемде барлыќ сөйлем мүшесі ќызметін атќарады.Олар баяндауышќа жаќыныраќ тұруға бейім. ¤йткені білуді маќсат етіп, сұрау ќойған кісі сұрауға жауап беруді ќалайды. Сондыќтан, сұрау есімдіктері көбіне баяндауыштың алдынан келеді. Баяндауыштың ќызметінде жұмсалғанда, сөйлемнің соңында тұрады. Сұрау есімдігі ќұрмалас сөйлемнің бағыныңќы компонентінде келсе, сұрау мағынасынан айрылып, ќатыстыќ мағынаға ие болады. Мысалы: Кім еңбекті көп істесе, үлесті де мол алады.
Белгісіздік есімдігі түбір тұлғада да, туынды тұлғада да келеді. Мысалы: бір, әлде, әр, бір-еу, әр-кім, әлде-не. Бұл есімдік, негізінен, заттыќ ұғымдарда болғандыќтан, сөйлем мүшелерінің барлығының да ќызметінде жұмсалады. Болымсыздыќ есімдігі сөйлем мүшелерінің барлығының ќызметін атќарады. Ешќандай, ешбір есімдіктері сөйлемде аныќтауыш ќызметінде жұмсалады.
Жалпылау есімдігі пысыќтауыш ќызметінен басќа сөйлем мүшесінің барлығын атќарады.
Өз есімдігі сөйлемнің барлыќ мүшесінің ќызметін атќарады
Есімдіктің емлесі
1. Сенсің, сендерсіңдер деген есімдіктерде жіктік жалғауы-сің болып жазылады.
2. Ќосарланып келген есімдіктер дефиспен жазылады. Мысалы: ќандай-ќандай, кім-кім, кімде-кім, не-не, ќайда-ќайда, өзімен-өзі, өз-өзінен, өзді-өзі т.б.
3. Бір, кей, әр, әлде деген сөздер есімдіктермен бірге жазылады. Мысалы: бірнеше,кейбір , ќайсыбір, әркім, әлдеќашан, әлдеќайда, әлдекім, кейбір, әрбір, әлдене т.б.
4. Еш деген сөз де есімдіктермен және кейбір сөздермен ќосылып жазылады. Мысалы: ешкім, ешќашан, ешбір, ешнәрсе, ештеңе, ешќайсысы т.б.
5. Неше деген есімдікке -інші жұрнағы ќосылғанда, неше есімдігінің соңындағы е әрпі түсіріліп жазылады: не+інші+нешінші.
6. Бір, кей, әр, әлде, еш, ешбір есімдіктері зат есімдерден бөлек жазылады.
Есімдік тақырыбына жаттығулар
І деңгей
1.Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын есімдіктер жаз.
2.Белгісіздік есімдігі бар нақыл сөз жаз.
3.Есімдік сөзіне ребус құрастыр.
4.Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын жаз.
ІІ деңгей
1.Есімдіктің мағыналық түрлеріне мысал жаз.
2.Жалпылау есімдігі бар бір өлеңді жатқа жаз.
3. Есімдіктің мағыналық түрлеріне кесте құр.
4.Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуына мысал жаз.
ІІІ деңгей
1.Есімдіктің сөйлемдегі қызметіне мысал келтір.
2.Болымсыздық есімдіктерін қатыстырып, «Жалқаубектің уәдесі» тақырыбына әңгіме не өлең құра.
3.Есімдік тақырыбына метаграмма құрастыр.
4.Толықтауыш қызметінде жұмсалып тұрған есімдігі бар мақал жаз.
ІҮ деңгей
Есімдік тақырыбына 10 сұрағы бар сынама құрастыр.
ІҮ деңгей
«Есімдік елінің таңғажайып оқиғалары» тақырыбында ертегі құра.
«Есімдіктің тілдегі рөлі» тақырыбында түйіндеме жаса
«Есімдіктің ауызекі сөйлеуде қолданылуы» тақырыбында мақала жаз.
«Күнделікті өмірде қай есімдікті жиі айтамыз?» тақырыбында зерттеу жүргізіп, сараптама жаса.
Есімдіктің түрлері (перфокарта)
№
|
Мысалдар
|
Жіктеу есімдігі
|
Сілтеу ісімдігі
|
Сұрау есімдігі
|
Өздік есімдігі
|
Белгісіздік есімдігі
|
Болымсыздық есімдігі
|
Жалпылау есімдігі
|
|
|
А
|
Ә
|
Б
|
В
|
Г
|
Ғ
|
Д
|
1.
|
барлық
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
кейбіреу
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
олар
|
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
мыналар
|
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
өздері
|
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
ешқашан
|
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
біздің
|
|
|
|
|
|
|
|
8.
|
мынау
|
|
|
|
|
|
|
|
9.
|
баршасы
|
|
|
|
|
|
|
|
10.
|
қайда?
|
|
|
|
|
|
|
|
11.
|
ешкім
|
|
|
|
|
|
|
|
12.
|
әркім
|
|
|
|
|
|
|
|
13.
|
қайсыбір
|
|
|
|
|
|
|
|
14.
|
әлдеқашан
|
|
|
|
|
|
|
|
15.
|
қашаннан
|
|
|
|
|
|
|
|
16.
|
өзіміздің
|
|
|
|
|
|
|
|
17.
|
осынау
|
|
|
|
|
|
|
|
18.
|
біреуге
|
|
|
|
|
|
|
|
19.
|
кімде-кім
|
|
|
|
|
|
|
|
20.
|
әрқайсысы
|
|
|
|
|
|
|
|
21.
|
әлдекім
|
|
|
|
|
|
|
|
22.
|
ешқайда
|
|
|
|
|
|
|
|
23.
|
әрқашан
|
|
|
|
|
|
|
|
24.
|
дәнеңе
|
|
|
|
|
|
|
|
25.
|
өзді-өзіне
|
|
|
|
|
|
|
|
26.
|
ештеңе
|
|
|
|
|
|
|
|
27.
|
түгел
|
|
|
|
|
|
|
|
28.
|
әне
|
|
|
|
|
|
|
|
29.
|
қалай
|
|
|
|
|
|
|
|
30.
|
тегіс
|
|
|
|
|
|
|
|
Есімдік сөз табын бекіту жаттығулары №1
1.Сөйлемдердегі есімдіктерді тауып, тұлғасына қарай топтап жаз:
Ол Біржан ауылында бұдан бұрын да болған-ды. Бұл сапар ол тағы да Шорман әулетінің қуғынынан қашып Көкшені сағалаған. Обалына не керек, қанша қиындық көрсе де,әлі қабақ шытқан жоқ. Қалау бұл жолы да басын көтермей, тек күңкілдеп бірдеңе деді де, үні өшті. Барасың қайда-қайда болмай маған? Мынау құрылысшылардың көпшілігі – жастар.. Біреулер шын ниетпен қол жайып, жүздерін сипап жатыр.
Негізгі түбір есімдік
|
Туынды түбір есімдік
|
Қосарланған түбір есімдік
|
Біріккен түбір есімдік
|
|
|
|
|
2. Сөйлемдердегі есімдіктерді мағынасына қарай кестені толтырып жаз:
Мен біраз жүріп қайтамын. Өзің де болатын шығарсың жайлауда? Электр жөнінде бірнеше әңгіме өткізу керек. Бір уақытта бірдеме сытыр-сытыр етті. Үйренудің ешбір айыбы жоқ. Сонау көк белдің бергі жағында Қарағанды деген деген өзек бар. Кейбіреулер бұрын ел құлағы естімеген рекордтар жасады. Осының бәрін түсіндіріп, жоғарғы жаққа мәселе қоюға болар еді. Барлығында бағалы киім.
Жіктеу есімдіктері
|
Сілтеу есімдіктері
|
Сұрау есімдіктері
|
Өздік есімдігі
|
Белгісіздік есімдігі
|
Болымсыздық есімдігі
|
Жалпы
лау есімдігі
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Сөйлемдерден дара және күрделі есімдіктерді ажыратып жаз:
Сен, шамасы, ешкімге айтпаған боларсың. Ол мені ойсырата қапты ғой. Әлдекім есік қақты. Әркім жөніне кетті. Өзіңнің қайда жүргеніңді, кім болғаныңды хатпен хабарла. Бәрінің өңін ашып майлы қуырдақ тұрды. Бәрінен де жақсылық күтесің, бірақ басқаша болып шығады. Ештеме табылмай, сендерді бекер әуре қылсам, обал ғой. Басқа ештеңеңнің қажеті жоқ.
Дара есімдіктер
|
Күрделі есімдіктер
|
|
|
4. Сөйлемдердегі есімдіктердің қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықта.
Бөжей маған қақпан құрғанын қойсын! Біреудің сыртын бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын болса, атқан оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі керді тап өзі көреді. Өз басы көреді. Ара ағайын сен емессің. Саған сынататын сөзім емес. Бар, айт осынымды. Осыдан бірер сағат бұрын менің тереземнің алдынан өтіп кетті. Мына жау жағадан алып жатқан кезде ол бізбен құда болу үшін келген жоқ. Өзің айтқан папаңды қаладан шығарып әкетуің керек.Міне, сені сол үшін шақырттым. Бәкеңнің өзі қай дерде, кімнің үйінде қазір?
5. Есімдіктердің барлық түрлерін қатыстыра отырып, «Туған ауылым» деген тақырыпқа шығарма жаз.
Есімдік сөз табын бекіту жаттығулары №2
1.Сөйлемдердегі есімдіктерді тауып, тұлғасына қарай топтап жаз:
Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп ойлады. Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді. Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Байтас өзімен-өзі күбірлеп, бірдеме дегісі келді. Сен қалай-қалай сөйлейсің, өзі?
Негізгі түбір есімдік
|
Туынды түбір
есімдік
|
Қосарланған түбір есімдік
|
Біріккен түбір есімдік
|
|
|
|
|
2. Сөйлемдердегі есімдіктерді мағынасына қарай кестені толтырып жаз:
Осы даланың асты толған көмір, бірнеше жүз жылға жетеді. Әрқайсысы ойлана, толғана келіп отыр. Ол әлденені айтқысы келген қозғалысын жасыра алмаса да, аузы батып айта алмады. Тыңға барам десең, сені ешкім ешкім де тоқтатпайды. Мына мен бүкіл ауданға әйгілі адаммын. Өзің осы жолы сыншы болып қайтыпсың. Кім көрінгені би болып, малымызды талап алды.
Жіктеу есімдіктері
|
Сілтеу есімдіктері
|
Сұрау есімдіктері
|
Өздік есімдігі
|
Белгісіздік есімдігі
|
Болымсыздық есімдігі
|
Жалпылау есімдігі
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Сөйлемдерден дара және күрделі есімдіктерді ажыратып жаз:
Біздің заманымыз -өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Жамал өз ойынан шығарып, өлең де жазатын болды. Мынау қымбатшылық баршамызға мағлұм. Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алды. Ешкімге тіл қатушы болма. Әрқайсысы бір-бір қайырған-ды. Кейбір өзі білмейтін қиын сөздерін ұстап қалды.
Дара есімдіктер
|
Күрделі есімдіктер
|
|
|
4. Сөйлемдердегі есімдіктердің қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықта.
Болыс ағасы өлгелі бұрынғы мінезінің бәрі қалды. Мына жұрттың таңдайын кептіріп бара жатқан шөлді бұл сезбейтін сияқты. Тас төбеңде қайнаған күн қызуы бұған өтпейтін сияқты. Сен бұл әнді Сегіз серінің өзінен бірақ рет тыңдадың. Олар көбіне Күреңді ертелген күйінде Үйтастың ішінде өздерімен бірге сақтайтын. Ойбай, мен ол жағының маманы емеспін, ғылым доқтарымын. Менен кейін басқалар әзер шыдап жүр екен, іліп әкетті. Менің адал серігім болды, бәрі де менің тәрбиемді көрді. Бізде не қауқар бар?
5. Есімдіктердің барлық түрлерін қатыстыра отырып 15 мақал- мәтел жаз.
Есімдік сөз табы бойынша сұрақтар
1. Есімдік сөз табына сипаттама бер -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2. Есімдіктің мағыналық топтарын атап әр топқа анықтамалар беріп, мысалдар жаз --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Күрделі есімдіктер дегеніміз не, мысалдар жаз ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4. Құрылымы жағынан есімдіктер нешеге бөлінеді, мысалдар жаз -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5. Түбір есімдіктер дегеніміз не, мысалдар жаз -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
6. Туынды түбір есімдіктер дегеніміз не, мысалдар жаз ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
7. Есімдіктердің жасалу тәсілдерін көрсет, мысалдар жаз ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
8. Есіміктердің емлесіне сипаттама бер, мысалдар жаз ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
9. Есімдіктердің септелу ерекшеліктеріне мысалдар жаз ------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
10. Есімдіктердің көптелуі, тәуелденуі, жіктелуіне мысалдар жаз -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
11. Есімдіктердің синтаксистік қызметі қандай, мысалдар жаз ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Достарыңызбен бөлісу: |