Сабақ тақырыбы: Етістік Күні Мұғалімнің есімі: Туребаева Айгул Сынып: 2



Дата04.03.2022
өлшемі494,55 Kb.
#134308
түріСабақ
Байланысты:
docx1547405219


Қысқа мерзімді жоспар



Мектеп:

№18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні

Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы:

Етістік

Күні

Мұғалімнің есімі: Туребаева Айгул

Сынып: 2

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:0

Бөлім

1.Айтылым және тыңдалым

Бөлімше

1.4. Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

2.1.4.1.Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша
әңгіме құрау.



Ортақ тақырып

Қоршаған орта

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып
бойынша әңгіме құрайды.
Оқушылардың басым бөлігі: тірек сөздердегі, әңгімедегі
етістіктердің маңызын түсінеді.
Кейбір оқушылар: әңгіме құрауда етістік не үшін қажет екенін түсінеді, дәлелдеулер жасайды.

Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.
Тірек сөздердегі, әңгімедегі етістіктердің маңызын түсінеді.
Әңгіме құрауда етістік не үшін қажет екенін түсінеді, дәлелдеулер жасайды.

Тілдік мақсаттар

Терминология: етістік- глагол- ver
былғары- кожа - leather

Сөз тіркестері: шуақты көктем

Тілдік дағды



Айтылым, тыңдалым:Сурет бойынша өз беттерімен әңгіме құрап жазу
дағдылары артады, тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді

Оқылым: таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге


сүйенумен қажетті/нақты мәтіннің
бөліктерін таңдау және түсіну дағдылары артады

Жазылым:түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану арқылы


мәтіндегі сөйлемдерді дұрыс байланыстырады



Құндылықтар
ды дарыту

Шығармашылық сын тұрғысынан ойлау,жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,әдебиеттік оқу.

АКТ қолдану дағдылары
Ресурстар

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Не істеді?Неқылды?Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер




Жоспар

Жоспар
ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

5 минут




1.Психологиялық ахуал
Қызыл,жасыл,сары,көк,
Алуан,алуан жапырақ.
Күзгі бақта құлпырып,
Көз тартады атырап!
2.Топқа бөліну.
1-топ: «Жасыл жапырақ»
2-топ: «Сары жапырақ»
3-топ: «Қызғылт жапырақ»
Ойын «Сиқырлы қоржын»
(Қоржындағы сөйлемдерді іштей оқып,қарсы топқа іс-әрекетпен көрсетеді.Келесі топтың оқушылары сол қимылды тауып,сөйлеммен айтады.)
Мысалы:1 топ: Айгерім айнаға қарап шашын тарады.
2 топ:Асан орақпен шөп орды.
3 топ:Гүлнұр сыпырғышпен бөлмені сыпырды.
-Балалар немен айналысуда?
-Қандай іс әрекеттер жасалуда?
-Іс әрекеттерге байланысты сөздерге қандай сұрақ қоюға болады?
-Тағы қандай іс әрекетке байланысты сөздерді білесіздер?
Ендеше, біздің оқу мақсатымыз, тақырыпқа әңгіме құрай отырып, ішінен іс-әрекетке байланысты сөздерді үйренеміз.




Ортасы 30-35


минут



1-тапсырма. о/м. 2.1.4.1.
Ұжымдық «Суретті әңгімеле»
Тілдік дағды: тыңдалым, айтылым, оқылым
Ойлау деңгейі: білу.
Барлық оқушылар: Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.
Мәтін «Көктем»
Білім алушы «суретті әңгімеле» әдісі арқылы тірек сөздерден мәтін құрастырады. Қимылды білдіретін сөздерді табады, сұрақ қояды.

Тірек сөздер: Шуақты, жас шыбықтар, күн, қопсытып, ұя, балалар, көгерді, аспан, көңілді, құстар, туған жер, қарсы алды.



-Суреттен көктемнің қандай белгілерін байқадың?
-Балалар не істеді?
-Балалардың қимыл атауларын білдіретін сөздерді ата
-Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
-Қай сөз табына жатады?

Білім алушылар тірек сөздерден мәтін құрастырып, іс-әрекетті білдіретін сөздерді таба отырып, қимылды білдіретін сөздердің етістік деп аталатын сөз табы екенін ұжымда ережесін құрастырды.





Критерий:Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.


Дескриптор:
Тірек сөздерді пайдаланады.
Әңгімелеу мәтінін құрайды.
Қимылды білдіретін сөздерді табады, сұрақ қояды.
ҚБ.
Қимылды білдіретін сөзді ата.
Қимылды білдіретін сөздер қай сөз табы болады?
Кері байланыс: Ынталандыру: Жарайсың!
Білім алушы үйренеді: Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.


2- тапсырма. 2.1.4.1.
Топтық жұмыс. «Суретті әңгімеле»
Тілдік дағды: тыңдалым, айтылым, жазылым
Ойлау деңгейі: түсіну, қолдану
Кейбір оқушылар: тірек сөздердегі, әңгімедегі
етістіктердің маңызын түсінеді.

1-топ. Суретке қарап, іс-әрекетті білдіретін сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды.






2 топ. Зат есім мен етістік


тен құралған сөздерді байланыстырып, сөйлем құрайды.

3- топ. Суретке қарап мәтін құрайды, мәтінге тақырып қояды.


Дескриптор:


Іс әрекетке байланысты сөйлем құрайды
Зат есім мен етістікті байланыстырады.
Сурет бойынша мәтін құрастырады.
ҚБ.
Іс әрекетті білдіретін сөздер қандай сөз табы?
Сөйлем қандай сөз таптарынан құралады?
Мәтінде қандай іс әрекетті білдіретін сөздер бар?
Кері байланыс: Үйрендім, Үйренгім келеді.
Білім алушы үйренеді: іс әрекетті білдіретін сөздермен жұмыс жасап біледі.

Сергіту сәті: «Гүл мен тілек»





3-тапсырма. 2.1.4.1.


Жұптық жұмыс. «Суретті әңгімеле»
Тілдік дағды: тыңдалым, айтылым.
Ойлау деңгейі: түсіну.
Кейбір оқушылар: әңгіме құрауда етістік не үшін қажет екенін түсінеді, дәлелдеулер жасайды.

Мәтінмен жұмыс


Білім алушылар жұпта жұмбақ шешіп, сөйлемде көп нүктенің орнына етістіктер қолданып, мәтінді оқып, түрін ажыратады. Білім алушылар тапсырманы орындап болған соң, барлық жұптар әңгіме, сөйлем, жұмбақ құрастыруда етістіктің неге қажет екенін түсіндіреді, дәлелдейді
1-жұп тапсырмасы:
Әсем бақта ән салады,
Әніне жұрт тамсанады. (Бұлбұл)
2-жұп тапсырмасы:
Көктем..... Жер ..... Күн......, найзағай ..... Құстар жылы жақтан............
3- жұп тапсырмасы:
Қайың тегіс және таулы жерлерде өседі. Қайыңнан түрдлі үй жихаздары жасалады. Оның маймен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді. Қайың-аса пайдалы ағаш.
Дескриптор:
Жұмбақты шешеді.
Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қояды.
Мәтіннен етістіктерді табады, ат қояды.
Етістіктің не үшін қажет екенін дәлелдейді.
ҚБ.
Етістік сөйлемнің қай жерінде кездеседі?
Етістік не үшін қажет?
Кері байланыс: Не үйрендім ? Не білдім?
Білім алушы үйренеді: әңгіме құрауда етістік не үшін қажет екенін түсінеді, дәлелдеулер жасайды.



Аяқталуы

ҚБ. «Галерияны шарлау» әдісі



Кері байланыс «Алма ағашы»



Жасыл – түсіндім
Сары – түсінерім бар
Қызыл – түсінген жоқпын










Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды
меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары

Өте жақсы!


Керемет!



Тапсырманы дұрыс орындадың!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет