Мизамбекова Нұргүл Өмірзаққызы
Целиноград ауданы, №9 агротехникалық колледжі
биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: ГЕНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ.
Сабақтың мақсаты:
1. Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың
цитологиялық негіздерін ұғындыру.
2. Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, мамандықтарына деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: қайталау сабақ.
Сабақ әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап, әңгімелеу, кластер әдістері.
Пәнаралық байланыс: химия, математика
Сабақ көрнекілігі:
Интерактивті тақта
Тақта
Карточкалар
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру:
а) ұжымдық әрекет,
ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті,
б) қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті,
в) студенттердің назарын аудару.
«Бақытты сәт» интеллектуалды ойыны
1 гейм «Бой сергіту»
Психологиялық икем: «Кім шапшаң?»
Кестеде 10 сөз берілген, осы сөздерді есте сақтап қайталап айтуыңыз керек.
1. жасуша
2. көбею
3. митоз
4. мейоз
5. ұрықтану
6. зигота
7. хромосома
8. ген
9. гамета
10. генетика
Берілген сөздерді қатыстыра отырып бір - бір сөйлем құрастыру арқылы студенттерді сабаққа тарту.
2. Биологиялық терминдермен жұмыс
ІІ гейм «Қапшықтан шыққан бас қатырғылар» Генетикалық есептер шығару
№ 1 есеп. Сары түсті ас бұршақты, жасыл түсті ас бұршақпен будандастырғанда бірінші ұрпақта қандай белгілер тұқым қуалайды?
Достарыңызбен бөлісу: |