Дәптермен жұмыс. 41 – беттегі 39 – жұмыс парағы. Ғаламшарлардың орны қайда ? Жұлдыз бен ғаламшарлардың атауларын бос ұяшықтарға орнын сақтай отырып желімдеу қажет.
Қажетті сөздер: Юпитер,Шолпан,Жер,Марс,Нептун,Күн,Сатурн, Меркурий, Уран.
« Ғаламшарлар сауалы » ойыны арқылы кері байланыс жүргізіледі.
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін пысықтау үшін тілдік ( қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі ) пәндермен байланыс жасау арқылы ғарыш денелерінің атауларының жазылуы емлесін тиянақтау.
Шарты: Ғаламшарлардың қималарының артында жазылған сұрақтарға жауап беріледі.
Қандай ғаламшарлар Жермен көрші орналасқан?
Ғарыш денелерінің атаулары қалай жазылады екен, не себепті ?
Бас әріптен бастап жазылады, себебі олар жалқы есімдер.Қала,адам,жер-су аттары сияқты ғаламшарлардың да аттары бас әріптен басталып жазылады деп Жалқы есімнің ережесін еске түсіреміз.
( Қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс орнатылады.)
Ғаламшар,Күн жүйесі,орналасу сөздері орыс тілінде және ағылшын тілінде қалай аталады?
Ғаламшар – планета – planet
Күн жүйесі – солнечная система – solar system
Орналасу – место – location
Интербелсенді тақтадан көрсетілген сөздерді 3 тілде хормен оқиды.
( Орыс тілі және ағылшын тілі пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады.)
Бағалау
Әр жұп дәптерлерін бір-бірімен алмастырады.Интербелсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен салыстырады.Бір-бірінің жұмыстарын толықтырады,қателіктерін түзейді.
Мұғалім көмегімен « Осы ғаламшарлардың ішінде белінде сақинасы бар ерекше ғаламшар қайсы ?» деген сауалға жауап бере отырып жұптар бір –біріне Сақиналы ғаламшар Сатурнның суретін сыйлау арқылы өзара бағалау жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |