Жұппен және топпен жұмыс барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді.
Жеке орындауғы арналған деңгейлік тапсырма дифференциацияны қамтамасыз етеді.
|
Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы сабақтың өн бойында жүргізіледі – мұғалім жұмыстардың орындалуын бақылайды, ауызша түсініктемелер береді. Оқушылардың сабақтағы әрекеті мен талқылауға қатысуы және басқа да іс-шаралардағы белсенділігін бақылай отырып бағалайды. Жұмыс орындалғаннан кейін топтардың бір-бірін бағалауы. Оқушылардың жеке жұмыстарын мұғалімнің бағалауы.
|
Сабақта техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.
Оқушылардың әрбір іс-әрекеттеріне бөлінетін уақыттарды тиімді ұйымдастыру.
Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|