Тарихи диктант.
Ол алғаш рет ____________________________________________ болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдарын ашқан.Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен __________жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан ___________ жыл бұрын айтқан.
№2 Түйе тоқтайтын қала. Барысхан қаласы.
Барысхан қаласына сипаттама. Картаға орналастыр.
Жауабы: ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, кәзіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы
Суретпен жұмыс. Бұл не?
Бұл қалада қай ғұлама дүниеге келген?
Махмуд Қашғари
Қарахан әміршісі Насыр ибн Әли тұқымынан шыққан. Әкесі Ыстықкөлдің оңтүстігіндегі Барсханда тұрған. Барсхан әмірінің ұлы. Бұқара мен Нишапуда білім алған. Ол біраз уақыт Бағдад қаласында тұрған. Онда араб тілін оқып үйренеді. Ауыз әдебиетінің мол мұраларын жинаушы, тіл танушы және этнограф. Ол түріктердің тілі мен аңыз әдебиетіне ерекше көңіл бөліп, әрбір түрік тайпаларының қоныс жерлерін аралап сапар шеккен. Түріктердің сөздерінің мағынасын, өлеңдерін, жұмбақтарын, ертегілерін, әдет-ғұрыптарын жазып алады. Ортағасырлық түркі тілдес тайпалардың энциклопедиясы – «Түркі сөздерінің жинағын» мұраға қалдырған. Бұл еңбекті ерте орта ғасырлардағы түріктердің өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.
«Иә, жоқ» Балама тест
1.Еңбегі «Құтадғу білік» деп аталады. Жоқ.
2. Махмуд Қашғаридің шын аты: (Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед). Ия
3.Махмұд Қашқари дүниеге келген қала: Отырар. Жоқ
4 Оның еңбегі түрік тілін зерттеуге арналған. Ия
№3 Түйе тоқтайтын қала. Баласағұн қаласы.
Баласағұн қаласына сипаттама. Картаға орналастыр.
Жауабы: Баласағұн Қарахан мемлекетінің астаналарының бірі болған ортағасырлық қала атауы. Жазба деректерде 10 ғасырдан бастап белгілі.Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Оңтүстік шығыс Қазақстан.
Суретпен жұмыс. Бұл не?
Бұл қалада қай ғұлама дүниеге келген?
Жауабы:
Достарыңызбен бөлісу: |