Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі
Қазақстан тарихы
7 сынып
Сабақ тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Мұғалімі: Ғ.А Байменова
2016-2017 оқу жылы
Қазақстан тарихы 7 сынып 06.12.2016
Сабақ тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Х – ХІІ ғасырда ғылымның даму себептері, көрнекті ғалымдар жайлы мағлұмат бере келіп, олардың еңбектерімен таныстыру;
Дамытушылық: Ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру, топпен жұмыс жасауға үйрену;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, талдау, тірек – сызба, тест, сәйкестендіру тест, сематикалық карта;
Сабақтың көрнекілігі:Карта, Әл – Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұнидің портреттері, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, оқушылардың назарын сабаққа аудару:
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сабақ жоспарымен таныстыру:
1. Ғылымның дамуы
2. Тіл білімінің дамуы
3. Әдебиет
Мұғалім сөзі: Сабаққа жалпылама шолу жасау.
Балалар бүгін біз сендермен ортағасырлық Қазақстан территориясындағы қалаларға Ұлы Жібек жолы арқылы шыққан сауда керуеніне ілесіп саяхат жасаймыз. Алайда керуен әр қалаға тоқтаған сәтте бізге сол қаланың арнайы тапсырмалары беріледі. Және сол тапсырмаларды орындау арқылы, біз өзіміздің үй тапсырмасына қалай дайындалып келгенімізді және жаңа тақырыпты қалай меңгергенімізді көрсете отырып, өзімізге ұпай жинаймыз.
Әр қаланың 4 тапсырмасы болады.
Үй тапсырмасы бойынша ауызша сұраққа жауап.
Үй тапсырмасы бойынша визуалды жұмыс.
Жаңа сабақ бойынша тұлғаны таны тапсырмасы.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмасы
Бір қаланың тапсырмасына бірге парталас отырған жұптың жауап беруге құқы бар.
Тапсырма түсінікті болса көшімізді бастайық.
Көш орнынан қозғалу үшін бізге балалар бірнеше сұраққа жауап беру қажет болып тұр?Әр жұп бір түйеден алу үшін бір сұраққа жауап беру қажет? Бір түйе алған жұп келесі сұраққа қатыстырылмайды.
Ұлы Жібек жолы қай жерден басталады?
Жібек жолына ұлы сөзінің қосылу себебі?
Ұлы Жібек жолындағы басты тауар?
Ұлы Жібек жолы гүлденген кезең?
Ұлы Жібек жолы бойымен тараған діндер?
Жібек сатуда
Ұлы Жібек жолының тоқтау себебі?
Мінекей көшімізде орнынан қозғалды.
№1 Түйе тоқтайтын қала. Бирун қаласы.
Бирун қаласына сипаттама. Картаға орналастыр.
Жауабы: ежелгі Хорезмнің астанасы — Қият қаласының іргесіндегі ауылда туған. Қазір Қият жұртында Бируни қаласы бар,
Сурепен жұмыс? Бұл не?
Бұл қалада қай ғұлама дүниеге келген?
Жауабы: Әбу Райхан әл - Бируни 973ж қазан айының төртінде Қият қаласының маңында өмірге келген.Парсы, араб,грек,үнді тілдерін меңгерген оқымысты.Әбу Райхан әл - Бируни жалпы алғанда жүз елу еңбек жазған,олардың қырық бесі астрономия мен математикаға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |