Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшілігін ашып, мәлімет беру, әңгімелеу арқылы ғылыми стильді ажырату.Нақыл сөздерді оқи отырып,оған өз пікірін айтуға машықтану. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін ашық және жабық сұрақтар беру арқылы дамыту.Топтық жұмыста берілген әңгімені рөлге бөліп оқу арқылы мәтіннің мазмұнын айту.Жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сілтеме:
Нұсқаулық, Қазақ тілі 9- сынып оқулығы «Арман-ПВ»2013 ж.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Топта, жұпта жұмыс жасай алады,диалог құрастыра алады. Оқушылар бір –бірлеріне дұрыс сұрақ қоя алады.
Сөздік қорлары дамиды. Білімге құштарлықтары ашылады;
Негізгі идеялар:
Оқушының өз бетімен ізденуін топтық жұмысқа бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақта қолданылатын ресурстар:
Нақыл сөздер, суреттер, сызбалар, сергітуге арналған үнтаспа, біріккен сөздерге арналған демонстрациялық материал.
Оқыту әдістері:
Сын тұрғысынан ойлау.
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту
Интерактивті оқыту әдісі;
Оқыту үшін бағалау;
Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Көшбасшылықты анықтайтын тренинг ойыны
Дерек көздері:
қосымша материалдар, ғаламтор.
Қолданылу аясы
Ғылыми еңбек, баяндама,оқулықтарда қолданылады.
Стильдік сипаты
Ресми, анық, дәл.
Тілдік амал- тәсілдері
Ғылыми терминдер қолданылады. Өткен шақ,осы шақтағы хабарлы сөйлемдер, тұрақты үлгідегі сөйлем, сөз тіркестері қолданылады.
Ойлау деңг.
Түрткі
(сұрақ, тапсырма, жағдаят)
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ұйымдас
тыру кезеңі:
- Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін ауа райы қандай?
1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
2. Жылулық шеңбері
Шеңберге тұрып, жақсы, жағымды сөздерді айту.
Түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздер арқылы топқа бөліну.
1.Публистикалық стиль Газет-журнал,мәжіліс,жиын
2.Іс-қағаздар стилі (Өтініш, түсінік хат, Сұраныс)
Білу
-Балалар,қазақ тілінде стильдің қандай түрлері бар?
- Мысалы, мына сөйлем қандай стильге жатады?
«Сиқырлы жәшік» ойыны. Жәшікте үй тапсырмаларын бекіту сұрақтары берілген. Кез-келген оқушы бір сұрақ алып, өзі білмесе, басқа оқушыға бағыттайды. Келесі оқушы алады.
1.Физика- әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттейді.
2.Ғылыми стиль қай жерлерде қолданылады?
3.Дүние жүзіндегі ең ірі пирамида қай жылдары салынды?
4.Мәдени өсімдіктер қашан пайда болды?
5.Табиғатқа байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
Оқушылар сұрақтарға жауап қатады.
-Ғылыми стильге жатады.
-Ғылыми еңбектерде.
-б.з.д.3 мыңжылдықтың І-ші жартысында.
- Мәдени өсімдіктер 40-50 жыл бұрын басталған.
- Көкті жұлма. Жалғыз ағашты кеспе. және т.б.
Топтың спикері белсенді оқушыларды түртіп отырады.Бағалау парағын толтырады.
Түсіну
- Балалар, сендер биыл 9-сыныпта оқисыңдар, егер сендер хат қабар Өтінш ,ғылыми еңбектер, деген сөздерді естігенде, сендерге қандай ойлар келеді?
:
-Бұл жөнінде не ойлайсыңдар?
Сильдің түрлері арқылы қағазға түсіру.
-Қандай суреттер, сөздер,ойлар келеді, соны қағазға жазып, постер құрыңдар.
-Жеке ойланыңыздар, топта талқылаңдар, топтан бір спикер таңдап, постерді қорғаңдар.
10 минут уақыт беріледі.
Постер құрады, өз сөздерімен қорғайды.
Балалар бір –бірінің жұмыстарына баға береді.1-5 баллды айтады.
Балалардың жауаптарын тыңдау.
Мұғалімнің қосымша сұрақтарына жауап береді.
Бағалау парағын толтырады.
Қолдану
106.-жаттығу. Мәтіннің стилін анықтаңдар. Қолданылған ғылыми термин сөздерді көшіріп жазыңдар. Буын түрлеріне он мысал келтіріп, тасымалданбайтын сөздерді көрсетіңдер.
Арабша әдебиет, еуропаша литература, ал қазақша «асыл сөз», деген анықтама береді. Сөз адамның ойын жеткізудегі теңдесі жоқ құрал.
Ашық буын –мағынада,бірі,танытқыш,кітабында,жайын,күйін,түрін,түсін,сөзбен, келістіріп
Сергіту сәті: А) Ғылыми стиль туралы түсіндіру. (слайд арқылы) кітапта
118-бетті балалар оқиды.10 мин. уақыт беремін.
Б) «Өзіңді тексер» атты тапсырманы орындау.
-Ал, балалар сергіту сәтін өткіземін, әбден шаршаған боларсыздар.Орнымыздан тұрамыз,
-Қандай cөздерді ғылыми стильге жатқызуға болады ?
- ғылыми стильге жататын сөздерге мысал келтіру?
- ғылыми стильге бірнеше мысалдар айтыңдар.
- Күнделікті өмірде қандай сөздерден тұратын қалалар мен жер атауларын естіп жүрсіңдер.
2) Интерактивті тақтада: Берілген сөздерден біріккен сөздерді теріп жазыңдар.
Балалар орындарынан тұрып, «Биле, биле» сергітуін жасайды.
1) Балалар, ғылыми стильдің ережесін айтады, талдайды, мысал келтіреді. Сұрақтарға жауап береді.
.
Белсенді оқушыларды бақылап отыру.
Бағалау парағына жазу.
Синтез /Жинақтау/
а) Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, нақты ережеге сай кесте құру, ойларын жинақтап, түйін жасау.
Мәтінмен жұмыс жүргізу. 120-бет, 108-тапсырма
«Адам атын ардақта» атты әңгімені түсініп оқыңдар.
- рөлге бөліңдер. (автордың сөзі, әкесі, баласы)
-әңгімеде қандай мақал бар, оны қалай түсінесіңдер?
-Әңгімеден туыстық атауларды табыңдар.
Әр оқушы алған рөлді, эмоциямен орындаулары керек.
Топтардың бірін –бірі бағалауы. Мұғалім өз бағасын жасайды.
Бағалау
«Алақан» рефлексия
Бас бармақ – бұл керемет,маған ұнады.
Балан үйрек – бұл жерде ахуал бар.
Ортан терек – мүлдем маған ұнамады.
Шылдыр шүмек – бұған көңіл аудару керек.
Кішкене бөбек – маған жетпей қалды.
Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе мұғалімге тапсырады.