«Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар» тарауын қайталау сабағының жоспары
А.С.Дуйсенова - физика пәнінің жоғары санатты мұғалімі
«Сәулет» мектеп-лицейі
Тасқала ауданы
Сабақ тақырыбы: «Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар» тарауын қайталау
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, қайталау, қорытындылау.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі : аралас
Сабақ әдісі: сайыс
Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. «Тараудың ең маңыздысы» (ауызша сұрақ-жауап)
ІІІ. Практикалық тапсырма
1) Суретпен жұмыс
2) Құралдың бөлік құнын табу
3) Эксперименттік тапсырма
ІV. Кім жылдам? (үлестірме парақ)
V. Минитест
VІ. Қорытындылау (Қосымша тапсырма:Сөзжұмбақ «Шамалар»)
VІІ. Үйге тапсырма беру
VІІІ. Бағалау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
ІІ. «Тараудың ең маңыздысы» (ауызша сұрақ-жауап)
І топ
1. Табиғат құбылыстары дегеніміз?
2. Физиканың негізгі мақсаты?
3. Болжам дегеніміз не?
4.Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері
5. Астрофизика нені зерттейді?
6. Айға табан тіреген астроновтар
ІІ топ
1. Физика нені зерттейді?
2. Материя дегеніміз не?
3. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
4. Физикалық шамаларды атаңдар
5. Космология нені зерттейді?
6. Эксперимент дегеніміз не?
ІІІ топ
1. Астрономия нені зерттейді?
2. Галактика дегеніміз не?
3. Космогония нені зерттейді?
4. Өлшем бірліктерді атаңдар.
5. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз? 6. ХХ ғасырдың жетістіктері
ІІІ. Практикалық тапсырма
1) Суретпен жұмыс
М ензурканың бөлік құнын табыңдар. Көрсетілген денелердің көлемін табыңдар да, өлшеу қателігін көрсетіп, жазыңдар.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Достарыңызбен бөлісу: |