Географиялық Картаны жасаудың ерекше матем. заңы болады. Оны картографиялық проекция деп атайды. Картаның көмегімен жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға болады. Картогр. белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдаланады. Географиялық Картада көрсетілген құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картогр. генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық Картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар, Географиялық Картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принциптер мен идеяларда. Географиялық Карта планетамыздың және оның бөліктері — құрлықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті мен тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, сақтауда аса бағалы құрал болып табылады.
Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.[3]
Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:
а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды;
ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;
б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т.б.) көрсету оңайға түседі;
в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т.б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;
г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғни абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.
Үшіншіден, географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, яғни картографиялық генерализациялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Соц. құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.[4]
Физикалықкарта
Картаның тақырыбыменмақсатынақарайкартографиялықкескіндеубірқатаргеографиялықэлементтердентұрады. Мысалы, біржердіңтолыққартасының (тиопографиялықкартасының) мазмұнына; жербедері, суы, өсімдігі, топырағы, елдімекендері, жолқатынасы, байланыс құралдары, мемлекеттік және әкімшілік шекаралары, орталықтарыжәнекейбір өнеркәсіп, ауылшаруашылық, мәдени объектілерікіреді.
Географиялықкартаныңжиегіменбосжеріндеқосымшаграфиктерменжазулар: картадақолданылғанкартографиялықбелгілержәнеолардыңтүсіндірмелері; картабойыншақашықтықты, бұрыштарды, объектілердіңауданын, жекенүктелердіңкоординаталарын, еңістіктіт.б. өлшеугеқажетграфиктер; картаныңжасалғанкезін, пайдаланғанматериалдарынт.б. көрсететіндеректер; кейдекөрсетілгенобъектілердітүсіндіріп, толықтыратындиаграммалар, таблицаларменмәліметтердеболады.
Географиялықкарталардыңішіненнеғұрлымкөпқолданылатыны – жербетіменондағыобъктілеркөрсетілетінжалпыгеографиялықкарталар. Албасқаларытақырыптықдепаталады. ларжалпыгеографиялықкартаныңмазмұнынакіретінбелгілібірэлементті (мысалы, жербедерін) өтетолықжәнежан-жақтыбаяндайдынемесежалпыгеографиялықкартадажоққұбылыстарды (белгілібіржердіңгеологиялыққұрылысын, климатжағдайынт.б.) көрсетеді.