2-тапсырма. География ғылымының баса ғылым салаларымен байланысын графикалық тұрғыда сипаттама беріңіз.
География
Дескриптор.
география ғылымдарының байланысын жазады;
Рефлексия
Үй тапсырма сы
Жетістік баспалдағы 1-бұрыннан білетінім
2-жаңа ақпарат алдым
3- білуім керек
Тақырып бойынша оқулықтардан жаңа ақпарат қалыптастыру
Пәні
География
Мұғалімнің аты-жөні
Сабақ тақырыбы
Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері
Оқу мақсаты
8.1.1.3 - далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістерінің мәнін түсіндіріп, қолданады
Іс-әрекеті
Ресурстар
Мағынаны таны
1. Әр ғылым саласында зерттеу әдістері оның даму барысына, зерттеу пәні мен мақсатаныа, теорияның даму деңгейін байланысты қалыптасады.
- далалық әдістер;
- картографиялық әдістер;
- теориялық әдістер;
2. Далалық зерттеулер арнайы әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізіледі және аумақты тұтас зерттеуді, маршруттық бақылауларды және типтік (негізгі) жер телімдерін зерделеуді қамтиды. «Негізгі» зерттеулер адамдардың өмірінің, олардың шаруашылық іс-әрекетінің географиялық ерекшеліктерін неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Далалық зерттеулер барысында мамандармен, өндіріс басшыларымен кездесулер және сұхбаттар өткізіледі, олар шаруашылықтың және халықтың аумақтық шоғырлану құбылыстарының көптеген ерекшеліктерін түсінуге және нақты ұсыныс әзірлеуге мүмкіндік туады.
3. Географиялық сипаттау әдісі – географиядағы ежелгі әдістердің бірі, «жерді сипаттау» ғылымының атауына кіріктірілген. Ол – бақылаулар мен далалық зерттеулердің нәтижесін қорытындылау.
Зерттеушілер нақты нысан, құбылыс, үдеріс туралы географиялық экспедицияның және далалық зерттеулердің нәтижесі бойынша қажетті ақпаратты жинақтағаннан кейін, оларды жүйелейді және аумақтың толық сипаттамасын құрастырады.
Сипаттамалар бір элементті болуы және бір ғана компонентті қарастыруы мүмкін, мысалы, жер бедерінің сипаты, табиғи-аумақтық кешен немесе жерүсті сулары.
Қазіргі уақытта көптеген сипаттамалар кешендітүрде жүреді, олар аумақтық кешенді толығымен қарастырады: табиғат – халық – шаруашылық.
Сипаттау белгілі талаптар бойынша жасалады.
Ол зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы тиіс, яғни сипаттауға болатынның бәрін сипаттау емес, тек зерттеу жоспары бойынша сипаттау.
Нысанның ерекше маңызды және елеулі белгілері, параметрлері және бейнелері сипатталады.
Сипаттауға алынатын барлық жинақталған ақпарат, нақты санаттар бойынша жүйеленуі немесе бөлінуі тиіс. Бұл нысанның немесе аумақтың құрамын, құрылымын, негізгі сипаттамаларын, олардың арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.
4. Салыстыру – екі (және одан көп) үдерістерді сандық немесе сапалық (ұқсастық, айырмашылық, артықшылық және кемшілік), әртүрлі қасиеттері бойынша салыстыру үдерісі. Ол екі амалдан тұрады: алдымен ұқсас белгілері, содан соң айырмашылықтары анықталады. Екі компонентті де қамтыған жағдайда салыстыру толық, ал олардың біреуін ғана қамтыған жағдайда толық емес болып саналады.
Ортақ белгілері бар нысандарды салыстыру қажет. Салыстыру нысандардың неғұрлым маңызды ерекшеліктері бойынша жүргізілуі тиіс. Алдымен сапалық, содан соң сандық ерекшеліктері бойынша салыстыру ұсынылады. Содан кейін ғана қосалқы белгілерін салыстыруға болады.
5. Модель – бұл зерттеудің таңдап алынған мақсаты үшін неғұрлым маңызды сапасын және қасиеттерін айқындайтын, үдеріс немесе құбылыс туралы қарапайым түсінік беретін, жасанды жолмен құрастырылған нысан. Модельдеу – бұл нысандарды, үдерістерді немесе құбылыстарды зерделеуге және зерттеуге арналған модельдер құрастыру.
Нысан үшін құрастырылатын модель түпнұсқа немесе прототип деп аталады.
Географияда сөздік, картографиялық, құрылымдық, графикалық, математикалық, материалдық деген сияқты негізгі модельдерді айқындауға болады. Сонымен қатар модельдер құрама да болуы мүмкін: математикалық-картографиялық, математикалық-графикалық және басқалар.