Сабақ тақырыбы География ғылымының салалары Оқу мақсаты


Екі минералдың қандай белгілері пиритті алтын деп санауға себеп болды?



бет15/19
Дата11.09.2024
өлшемі2,29 Mb.
#204110
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
География 8сынып ҚМЖ

Екі минералдың қандай белгілері пиритті алтын деп санауға себеп болды?


  • алтынға ұқсастығы

  • құрамының ұқсастығы

Алтынды пириттен қандай визуалды белгілері арқылы айыруға болады? ....................................................................................................................................................................................................................
Сызат түсі. Кейбір минералдардың ұнтақтағы түсі кесектегі түсінен ерекшеленеді. Мысалы, гематит кесегінің түсі қараға жуық, ұнтақтыда – қызыл қошқыл болады (42-сурет). Анықталатын минералдың ұнтағын алу үшін, онымен Моос шәкілі бойынша қаттылығы 6-дан аспайтын қаттылығы бар, кедір-бұдыр фарфор табақшаның үстінен жүргізу жеткілікті (42-сурет), нәтижесінде сызық түріндегі ұнтақ тәрізді із қалдырады.
Жылтырақ. Минералдың жылтыры кристалл қыры немесе сынығы бетінің шағылысынан көрінеді. Жылтырақтың типі мен ашықтығы негізінен минерал бетінің сипатына байланысты болады. Жылтырлығына қарай минералдар екі топқа бөлінеді:
1. Металдық және металл түстес жылтырақ минералдар. Металдық жаңа металдың жалтырауын, ал металл түстес – металл бетінің күнгірт жалтырауын еске салады. Пирит, галенит металдық жылтырақ минералдардың үлгілері бола алады (43-сурет). Металл түстес жылтырақ графитке, сфалеритке тән (43-сурет).
2. Металдық емес жылтырақ минералдар. Көбінесе ақшыл түсті боялған мөлдір минералдарға металдық емес жылтыр тән болады. Металдық емес жылтырақ төмендегідей топтастырылады (44-сурет):

  • Алмазша. Сыну көрсеткіші жоғары минералдарға ең күшті жылтырлық тән болады. Мысалы: алмаз, киноварь.

  • Шыныша. Шыны бетінің жылтырауын еске салады. Металдық емес жылтырақ мөлдір минералдарға тиісті болады. Сыну көрсеткіші онша жоғары емес минералдарға тән. Мысалы: кальцит, кварц.

  • Майлы. Беткі қабат майлы үлдір қабықпен қапталғандай жылтырайды. Мысалы: нефелин, сомтума күкірт.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет