Сабақ тақырыбы География ғылымының салалары Оқу мақсаты


Іс-әрекеті Ресурстар



бет12/19
Дата11.09.2024
өлшемі2,29 Mb.
#204110
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
География 8сынып ҚМЖ

Іс-әрекеті

Ресурстар



Мағынаны таны

Орографиялық нысандар (бірліктер) – бұлар географиялық орны, атауы, өздеріне тән сипаттамасы бар, нақты жер бедерінің түрлері. Бейнелі түрде келесідей үйлестікті келтіруге болады: адам, ерлер, әйелдер, ересектер, балалар – бұлар терминдер, яғни есімі және өзіне қатысты мінездемесі бар жеке адам – тұлға. Орографиялық бірлік – жер бедері түрлері «өрнектерінің» ішіндегі «тұлға».
 Мұхиттық платформалар, мұхиттық-орталық жоталар мұхиттық тип құрылымына жатады.
Мұхиттық платформалар су түбінің жер бедерінде терең сулы кең тегіс немесе суасты шамалы төбелі жазықтар немесе шұңғымалар (биіктігі 1000 метрге дейінгі жеке жоталар және жайпақ шыңды сөнген жанартаулар) болады. Олар 2600–6000 м тереңдіктерде орналасқан. Платформалар бір жағынан мұхиттық-орталық жоталармен, екінші жағынан – терең сулы науалармен немесе құрлықтардың шеттерімен шектеседі. Кей жерлерінде жарықтар кездеседі. Олардың кейбіреулерінің ұзындықтары едәуір ұзын болады. Жер бедерінде олар ойықтар, шатқалдар және науалар түрінде көрінеді.
Терең суасты науалары мен мұхиттық-орталық жоталар мұхиттардың қозғалмалы аймақтарына жатады.
Терең суасты науалары бұлар құрлықтардың және аралдық доғалардың белсенді таулы-қатпарлардың етектерінде орналасқан. Олар – мұхиттар түбінің терең майысқан созылыңқы (бірнеше жүздеген км-ден 3–4 мың км-ге дейін) салыстырмалы түрде енсіз (100–200 км) жерлері.
​Мұхиттық-орталық жоталарды мұхиттық таулы белдеулерге жатқызуға болады. Себебі олар маңайындағы жазық платформалардан 3–4 км дейін биік болады. Жоталар мұхитішілік жағдайға ие және өзара жалғаса отырып, жалпы ұзындығы 60 мың км-ден асатын дүниежүзілік жүйені құрайды. Жоталардың ені 1–2 мың км, кейде одан да үлкен болады. Бұл жоталардың осі бойында 3–5 км тереңдікте, ені 12–45 км болатын жарықтар зонасы байқалады. Жоталар үшін: жоғары сейсмикалылық, Жер қойнауынан өте жоғары ыстық ағындылық, жоғары мантияның төмен тығыздылығы (аз тығызданған мантия) және қарқынды жанартаулылық тән болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет