Жауап бер
|
Жаңа тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары
- Қай бірлік неғұрлым жас?
- Қай бірлік неғұрлым биік?
- Жер бедерінің биіктігі және сипаты, сонымен қатар қолайсыз табиғи құбылыстар адамның өмірі мен іс-әрекетіне қалай әсер етеді?
- Адамның өмір сүруі және шаруашылық іс-әрекетпен айналысуы үшін қандай аумақ неғұрлым қолайлы?
|
Орындалатын тапсырмалар
|
1-тапсырма. Сарыарқаның орографиялық сипаттамасында қандай сапалық және сандық сипаттама беріңіз
Сарыарқаның орографиялық сипаттамасында қандай сапалық және сандық сипаттамалар берілген?
Дескриптор.
Сандық және сапалық сипаттама беріледі;
2-тапсырма. Берілген кестені opiq.kz сайты арқылы мағлұматпен таныса отырып толтыру
Жоспар
|
1-орографиялық бірлік
|
2-орографиялық бірлік
|
Ұқсастығы
|
Айырмашылығы
|
Географиялық жағдайы
|
|
|
|
|
Тектоникалық құрылымы
|
|
|
|
|
Басым биіктігі
|
|
|
|
|
Бедер сипаты
|
|
|
|
|
Бедердің түзілу тәсілі
|
|
|
|
|
Бедерге байланысты қолайсыз құбылыстар
|
|
|
|
|
Жер бедерінің тіршілік пен адам іс-әрекетіне ықпал етуі
|
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
- Кестені сілтеме арқылы толықтырады;
|
Рефлексия
Үй тапсырма
сы
|
1-ші баспалдағы: Мен............. БІЛЕМІН
2-ші баспалдағы: Мен ............ ТҮСІНЕМІН
3-ші баспалдағы: Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН
Үйге тапсырма беру:Географиялық нысан туралы 1 минуттық әңгіме-сипаттама дайындаңдар
|
Тақырып бойынша оқулықтардан жаңа ақпарат қалыптастыру
|
Пәні
|
География
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуы
|
Оқу мақсаты
|
8.3.1.6 -тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды
|
Іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Мағынаны таны
|
Энергия, шикізат, материалдар алу үшін пайдаланылатын және шаруашылықтың минералды-шикізаттық базасы болып табылатын тау жыныстары мен минералдарды пайдалы қазбалар деп атайды. Олар үшін: орналасудың біркелкі болмауы, нақты кен орындарының қайта қалпына келмеуі, барлау арқылы орнын толтыру мүмкіндігі және жаңа кен орындарын игеру тәрізді ерекшеліктер тән болады. Қазіргі кезде минералды ресурстардың 200-ден астам түрі пайдаланылады. Кейбір түрлердің қоры бірдей емес. Өндіру көлемі үнемі ұлғайып отырады және жаңа кен орындары игеріледі.
Физикалық жағдайына қарай олар қатты (түрлі рудалар, көмір, мәрмәр, гранит, тұздар); сұйық (мұнай, минералды сулар); газ тәріздес (жанғыш газдар, гелий, метан) болып бөлінеді.
Пайдалы қазбаларды қолданылуы немесе мақсаты бойынша жанғыш (көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ, жанғыш тақтатас); рудалы (металл және металл емес (графит, асбест) пайдалы компоненттерді қамтитын тау жыныстарының рудалары; рудасыз (металл емес және жанбайтын пайдалы қазбалар: құм, қиыршық тас, балшық, бор, әктас, түрлі тұздар. Асыл тастар және өңдеу тастары – жеке топ) деп бөлінеді.
Пайдалы қазбалар – өндірісте материал ретінде қолданылатын тау жы ныстары мен минералдар. Демек, пайда болуы бойынша олар магмалық, шөгінді және метаморфтық болып бөлінеді. Олардың Жер аумағы бойынша орналасуында белгілі заңдылықтар байқалады.
Қатпарлы облыстардың пайдалы қазбалары. Магмалық пайдалы қазбалар әдетте қатпарлы облыстарда көлбеу жатады. Бұл рудалардың негізінен магмадан және олардан шығатын ыстық су ерітінділерінен пайда болуымен байланысты. Магма жер қойнауынан жарықтар арқылы көтеріледі және әртүрлі тереңдікте тау жыныстарының қалың қабатында қатады. Магмалық пайдалы қазбалар төгілген магмадан – тез суып кететін лавадан да пайда болуы мүмкін. Әдетте магманың енгізілуі белсенді тектоникалық қозғалыстар кезеңінде жүреді, сол себепті рудалы пайдалы қазбалар қатпарлы облыстармен байланысты болады.
Платформалы жазықтарда рудалық пайдалы қазбалар оның төменгі қабатындағы іргетасқа ұштастырылған. Платформаларда рудалы кен орындары қалқандарға немесе шөгінді тыстың күші айтарлықтай болмайтын платформаның бөліктерінде және іргетас жердің беткі қабатына жақын келген жерлеріне ұштастырылуы мүмкін. Ресейдегі Курск магнит аномалиясының (КМА) темір рудалары осылайша орналасқан. Кривой Рог (Украина) және т.б. бассейндердің рудалары қалқандарда өндіріледі.
Қалқандар Жердегі тіршіліктің өткен кезеңдерінде теңіз деңгейінен төмен түскен емес, оларда теңіз шөгінділерінің болмауының басты себебі осыған байланысты. Ежелгі қалқандарда көмір де, мұнай да, тұздар да жоқ. Қалқандарда пайдалы қазбалардан негізінен темір, никель, мыс рудалары, түрлі сирек кездесетін металдар мен алтын, ал металл емес пайдалы қазбалардан – слюда және дала шпаты таралған. Шөгінді пайдалы қазбалар тақталарға тән, себебі платформалық тыс тақталарда орналасқан. Темір және марганец рудаларының, фосфориттің, минералды бояулардың, гипстің, әктастардың, түрлі сазбалшықтардың және т.б. шөгінді кен орындары кең таралған. Газ, мұнай, көмір, жанғыш тақтатастар бұл қатардың басты рөлін атқарады. Органогендік пайдалы қазбалар таяз теңіздердің жағалаулық бөліктерінде және құрлықтың көлді-батпақты жағдайында жинақталған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған. Бұндай ағыл-тегіл органикалық қалдықтар өсімдіктердің кеңінен дамуына қолайлы жылы және ылғалды жағдайда жинақталады. Таяз теңіздерде және жағалаулық мүйістерде ыстық құрғақшылық жағдайында химия өнеркәсібінде шикізат ретінде қолданылатын тұздардың жинақталу үдерісі жүреді.
Тақталардың шөгінді тысында магмалық массалардың суықтан қатуына байланысты пайда болатын түсті және сирек металдар кездеспейді. Оларды тақтаның іргетасында кездестіруге болады. Алайда өте тереңде орналасуына байланысты оларды өндіру мүмкін емес. Шөгінді тыстың қалыңдығы 10 км-ге жетуі мүмкін. Алмаз өндіретін жекелеген өте терең шахталардың тереңдігі 4–5 км-ге жетеді.
Метаморфтық жыныстарды қазіргі кездегі және ежелгі жанартау лық аймақтарда, қатпарлы облыстарда, жер қыртысының белсенді аймақтарында кездестіруге болады. Олар магма қозғалысының периметрі бойында орналасады. Бұндай тау жыныстары магмамен тікелей қарым-қатынасқа бармайды, тек оның жоғары температурасының әсеріне ұшырайды
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |