Сабақ тақырыбы География ғылымының салалары Оқу мақсаты



бет9/19
Дата11.09.2024
өлшемі2,29 Mb.
#204110
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
География 8сынып ҚМЖ

Іс-әрекет реті

Ресурстар



Мағынаны таны

 Литосфералық тақталар жер қыртысының неғұрлым ірі құрылымдық элементтері болып табылатындығын 7-сыныптың география курсынан білесіңдер.
​Тақталар жоғары мантияның иілмелі қабатында жатады және жылына 1–6 см жылдамдықпен, материктерді өзінің соңынан тарта отырып, бір-біріне қарай баяу жылжиды. Құрлықтық және мұхиттық тақталардың соғылысуы субдукция, ал екі құрлықтық соғылысу коллизия деп аталады. Жарылған жерлер арқылы аққан магма есебінен мұхит түбінің өсу үдерісі спрединг деп аталады. Литосфералық тақталардың шегаралары қозғалмалы облыстар болып саналады. Оларға: жанартаулар, жер сілкіну зоналары, таулы аймақтар, орталық-мұхиттық жоталар, тереңсулы шұңғымалар және науалар кіреді.
Геосинклинальдар және таулар. Ондаған, жүздеген және мыңдаған километрге созылған, жер қыртысының енсіз, тектоникалық қозғалмалы бөліктері геосинклиналь деп аталады. Олардың бәрі литосфералық тақталар шегарасын бойлай орналасқан. Жер дамуының күрделі тарихы барысында жер қыртысының бір бөлігі иіледі және иілу аймағында шөгінді жыныстар қабаты жинала бастайды. Литосфералық тақталардың одан әрі қозғалуы кезінде иілу аймағы қатты сығылады, тау жыныстарының қабаты қатпарланып мыжылады. Жаншылған қатпарлар жер үстінен қатты көтеріліп тұрады, сондықтан жер бедерінде таулар геосинклин облыстарға сәйкес келеді 

Жауап бер

Жаңа тақырып бойынша мұғалімнің сұрақтары

  • Ішкі күштер әрекетіне нелер жатады?

  • Сыртқы күштер әрекеттерінің әсерінен жер бедері қандай өзгерітерге түсуі мүмкін?

  • Не себепті үгілудісыртқы күштің ең басты әрекеті деп санайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет