Сабақ тақырыбы Географиялық картосхемаларды қолдану



Дата28.01.2020
өлшемі32,02 Kb.
#56682
түріСабақ
Байланысты:
7 сабак

Сабақ жоспары



Бөлім 2 Картография және географиялық деректер базасы
Бөлімше: 2.1 Географиялық карталар

Мектеп: №19 ЖОББМ

Күні: 23.09.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: М.П.Сембі


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандарсаны:




Сабақ тақырыбы

Географиялық картосхемаларды қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. .2.1.1- тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады


Сабақ мақсаттары

Карта мен картосызбалардың айырмашылығын түсіну

Картосызба жасауды үйрену

Картадан географиялық номенклатура нысандарын көрсетуді үйрету


Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • Карталар мен картосхемаларды ажырата біледі

  • Картосхемалар жасай алады

  • Географиялық номенклатура муралы біледі

  • Номенклатураларды ажырата алады

  • Картаның легендасы мен торлар арқылы оқи алады.




Тілдік мақсаттар


Оқылым: географиялық карталарды оқиды, талдайды

Тыңдалым: бейнематериалдарды, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды

Айтылым, жазылым: географиялық карталарды ауызша және жазбаша сипаттайды

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Картада ...көрсетуге, ... есептеуге, ...анықтауды болады.

схема ...көрсету үшін пайдаланады.

картосхема мен схема .... ұқсас болса да, айырмашылықтары келесідей... .

деректерді ... көрсеткіштер бойынша топтастыруға боолады.

деректер базасы...үшін қолданылады.

кесте - ... ұйымдастырудың ең қолайлы түрі, себебі...

номенклатура келесі шаралар үшін қажет: ...



Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Өз елінің географиялық координатасын есептегенде және физикалық картадан өздері тұратын аймақты шартты белгілермен сипаттағанда, талдау барысында жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, картография, математика пәндерімен байланыс жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және далалық зерттеу жұмыстарына презентация жасау барысында жүзеге асады.

Бастапқы білім


Географиялық ресурстармен жұмыс істеу дағдылары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

0-9 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі

  • Үй тапсырмасын тексеру:

  • Дала кітапшаларын тексеру, олардың қаланың дизайны туралы ойларын айтқызу.

Оқушыларға карталар мен картасхемалардың суреттері беріледі де , айырмашылығын сұраймыз, тақырыпқа келеміз, оқу мақсаттарымен таныстырамыз.

Жеке дәптерлері


Сурет, карта

11-16минут

17-20 минут


20-25 минут


25-30 минут

30-37 минут


Карта мен картосызбалардың айырмашылығы туралы презентациямен мұғалім түсіндіреді.
Топтық жұмыс; мәтіннен картосызба құрастыру

І топқа: Австралия жануары туралы

І І топқа: цунами туралы

ІІІ топқа: Қазақстандағы теміржол магистралдары туралы

IV топқа Солтүстік Американың климаттық картасы туралы мәтіндер беріледі.(мәтіндер жоспардың соңында берілген)

Бағалау критерийлері:

  • Картасызбада мәтіндегі барлық мәліметті оқуға болады

  • Картасызба эстетикалық әсем рәсімделген

  • Картасызба ұқыпты орындалған

Оқушылар орындап болған соң бір –бірін бағалайды. Сосоын мұғалім қорытынды жасайды.
Мұғалім: Енді біздің мақсатымыз картадағы нысандарды дұрыс атау және оны дұрыс табу

Тапсырма1:

Бір оқушы Қазақстанның барлық облыстарын атап тұрады, қалғандары жазады. Сосын тақтаға дұрыс жазылған нұсқасы шығады немесе дұрыс нұсқасы жазылған қағаз таратылып беріледі. Оқушылар қателерін тексереді.

Мұғалім оқушылардан сұрай отырып қорытынды жасайды. Оқушының бірінші міндеті: картадағы атауларды дұрыс атай білу керек.

Тапсырма2

Бірнеше елдер немесе жерлер туралы пазл таратылады. Олар соны құрастыруы керек.

Мұғалім оқушылардан сұрай отырып қорытынды жасайды. Оқушының екінші міндеті: картадағы бейнелерді есте сақтау керек

Тапсырма 3

Картаның легендасы мен торларынан обьектіні табу

Оқушыларға мұғалім өзі дайындап бірнеше тапсырмалар беру керек, соны табу керек. Карталардың легендасын оқуы керек.

Оқушының үшінші міндеті: картаның легендеасын оқи алуы керек, картадағы торлар бойынша нысандарды таба алуы керек.
Сұрақ:

Картаның алдында қалай тұру керек?

Неге олай тұру керектігі туралы жауабыңды негізде



Презентация
Атлас

Мәтін


флипчарт,
маркер

Физикалық карта, интерактивті тақта

Кеспеқағаздар

Жеке дәптерлері

Дүниежүзінің картасы

Атлас


Сабақтың соңы

38-40минут

  • Рефлексия: Не білдім? Не үйрендім? Не қиын болды?

  • Бағалау: Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын жетістік критерийлері бойынша бағалай алады.

  • Үйге тапсырма: әртүрлі обьектілерден (тау,өзен, жазық, көл, қала) нименклатура жаттап келу

Түрлі түсті стикерлер



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қабілеті жоғары оқушылар Тапсырмадан тыс елдердің координатасын табуға болады.

Қабілеті төмен оқушылар берілген координаталарды сол елдермен сійкестендіреді.


Жетістік критерийлері арқылы бағалау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау



Сабақ басында оқушылардың зейіндерін бір ортаға шоғырландыру үшін жаттығу жасайды.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Австралия материгінің әр түрлі бөліктерінің фаунасының, өзіндік ерекшеліктері бар. Австралияның батыс және шығыс бөліктерінің арасында үлкен түр айырмашылық бар.Австралияның солтүстігі мен шығысында, сондай ақ Жаңа Гвинея мен басқа аралдардың ылғалды және субтропиктік ормандарына әр түрлі өрмелеуші жануарлар тән. Әсіресе қалталы аю немесе коала, қалталы жалқау. Бұдан басқа көбіне тіршілігін ағашта өткізетін кузу, қент тиіні тараған. Жаңа Гвинеяда жабайы шошқа бар. Австралияның солтүстік және орталық бөліктері, саванналарында кенгуру мекендейді. Кенгуруды адам мен австралиялық динго иті қатты қырып жіберді. Динго иті жирен жүнді, шағын жануар, өте төзімді, шапшаң әрі ұзақ шабуға икемді.. Олар Эйр көлінің маңында тараған. Бұталы тоғайларда денесін тікен жапқан сүтқоректі, жергілікті эндемия- ехидна мекендейді. Үйректұмсықты ехидна да балаларын жұмыртқадан өргізеді, ал негізінен құмырсқа илеуіне ұзын жабысқақ тілін сұғып жіберіп, құмырсқалармен қоректенеді. Құстардың ішінен авсралия түйеқұсы эму, егінге үлкен зиян келтіретін шөп қоректі тоты құстар, суда жүзетін және суда мекендейтін, көпшілігі солтүстік жарты шардан ұшып келген әр түрлі құстар мекендейді. Тасмания аралының жануарлар дүниесі кейбір өзгешеліктерімен ерекшеленеді.Онда мысалы қалталы қасқыр, қалталы пері сақталған. Аралдың оңтүстік бөлігінде антарктида фаунасына тән өкіл-пингвин кездеседі.



Цунами қалай пайда болады? Суға тас лақтырғанда су бетіне пайда болатын шеңберлер сияқты, жер сілкіну орталығынан жан-жаққа цунами толқындары тарайды. Ашық мұхитта цунамидың биіктігі 1 м-ден аспайды, ал ұзындығы 100-200 км-ге жетеді, ол аса байқалмайды және қауіпсіз болады. Ал толқын жағаға жақындағанда биіктігі 10 м-ден асады, ал қойнауға кірер жерде 20 м-ге дейін жетеді. Цунами жер сілкіну орталығынан сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Цунами болар алдында су бірнеше минут ішінде жағадан жүздеген метр, ал кейде бірнеше шақырымға дейін шегінеді, су көп шегінсе, цунами толқыны соғұрлым биік көтеріледі. Чилидегі жер сілкіну кезінде цунами толқындары Оңтүстік Америка жағасынан бүкіл Тынық мұхит арқылы 15 мың шақырым жол жүріп, Гавай аралдарына, Жаңа Зеландия, Жапония жағалауына соғылып, Куриль аралдарына дейін жеткен.
С. А. қиыр солтүстікте арктикалық белдеу мен оңтүстігінде субэкваторлық белдеулер аралығында орналасқан. Арктик. климаттық белдеуге Солт. Мұзды мұхит суымен қоршалған аймақ кіреді; одан кейін Субарктик. климаттық белдеу алып жатыр. Сосын оңтүстікке қарай С.А көп бөлігін қоңыржай климаттық белдеу (40° с.е-тен солт-ке) алып жатыр. Сосын оңтүстікке қарай субтропиктік климаттық белдеу жұмсақ жерортатеңіздік типке жатады. Калифорния түбегі мен Мексика таулы қыратының орт. бөлігі тропиктік климаттық белдеуде жатыр. Субэкваторлық климаттық белдеуге жататын Орт. Американың оңт. Бөлігі.

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1901-1906 жылдары салында . ол Орынбор-Ташкент. Бұл теміржол Орынбордан басталып, Ақтөбе, Қандыағаш, Қызылорда, Туркістан, Арыс станциялары арқылы өтеді. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралі Қазақстанды Сібірмен байланыстырды. Ол Туркістан, Арыс, Шымкент, Тараз, Уштобе, Аягөз, Семей, Омск сатнциялары арқылы өтті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш, ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған.



1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қытай арасындағы мемлекеттік шекаралық өткелі Достық стансасының маңызы зор. 2004 жылы Достық стансасы арқылы 9,5 миллион тонна жүк тасылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет