- Оқушылармен қауіпсіздік ережелерін қайталап, еске түсіру.
- Оқу құралдарын тексеру.
журнал
Үй тапсырмасы (4мин)
Оқулықтың 47 беттіндегі «Үйде орындайық» тапсырмасы. Карточканы көтеру арқылы үй жүмысын тексеру.Көк карточка үй жұмысын орындадым дегенді, қызыл карточка үй жұмысын орындаған жоқпын дегенді білдіреді.
Үйлестірме қағаздар.
Жаңа тақырып (4 мин)
Адам өмірінде суреттің орны ерекше. Бұрынғы уақытта жазуды білмейтіндер сурет арқылы өз өмірлері туралы жеткізетін болған және де кез-келген затқа сурет салатын болған. Олар үшін суреттің орны ерекше. Неге балалар кітаптарында суреттер көбірек бейнеленген? Себебі сурет арқылы ең қиын деген мәліметтің өзін оңай игеруге, яғни қабылдауға болады.
Ал, информатика пәніндегі сурет – бұл компьютерлік графика. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Графикалық редактормен танысу, құрал-жабдықтары».
Графика, графикалық бейне дегеніміз не?
Графика гректің «жазамын,сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Графикалық бейнелерге сызбалар, диаграммалар,тағы да басқа фигуралар жатады.
Компьютерде графикалық бейнелерді құру құралдары:енгізу құрылғылары (сканер, тінтуір, графикалық планшет және т.б.)және графикамен жұмыс істеуге арналған программа (графикалық редактор).
Графикалық редактор дегеніміз не?
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді салуға және өңдеуге арналған программа. Компьютерлік графика 2 ге бөлінеді; 2D және 3D. 2D графикалық түрлері: расторлық, векторлық және фрактальді. Расторлық бейнелер нүктелерден тұрады. Бейненің ең кіші элементі нүкте. Ол пиксель деп аталады Сондықтан суреттердің көлемін кішірейте беретін болсақ, ол нүктеге айналады.
Paint – Растордық бейнелермен жұмыс істеуге арналғанграфикалық редактор. - Paint графикалық редакторының белгішесі. Paint редакторын іске қосу үшін Іске қосу(Пуск)--- Барлық программалар (Все программы)--- Стандартты (Стандартные)-- -Paint командасын орындау қажет. Paint – та сурет салу үшін терезенің ортасында тұрған ақ түсті төртбұрышты алаңды пайдаланамыз. Ол – сурет салуға арналған аймақ.
Сурет салу үшін арнайы құралдарды және Түсті палитрасын пайдаланамыз.Суреттің қажет емес бөлігін өшіргіш құралын пайдаланып, қіріп тастауға болады.