Сабақ тақырыбы: «Химиялық реакциялар, олардың жүру белгілері және жағдайлары»



Дата21.04.2017
өлшемі83,7 Kb.
#14262
түріСабақ
Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: «Химиялық реакциялар, олардың жүру белгілері және жағдайлары»

Мектеп: №7ЖББМИ

Күні: 22.11.2016

Мұғалімнің аты, тегі: Ермекова Гульнара Садвакасовна

Сынып :

Қатысқандар саны: 16

қатыспағандар:

Оқыту мақсаты

Химиялық реакциялардың ерекшеліктерін, жүру белгілерін анықтай алу

Оқыту мақсаттары/

Күтілетін нәтиже

Барлығы : химиялық реакциялардың жүру жағдайларын біледі, химиялық реакцияларды басқа құбылыстардан ажырата алады;

Басым бөлігі : химиялық реакцияның басты белгілерін өздері анықтайды;

Кейбірі: жұмысқа талдау жасайды, баға береді

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер: химиялық реакция, тұнба түсу, газ бөліну

Талқылауға арналған тармақтар: химиялық реакция дегеніміз не? Қандай белгі бойынша химиялық реакци яның жүргені туралы айта аламыз



Алдыңғы оқыту

Физикалық және химиялық құбылыстар

жоспар

Жоспарланған уақыт

( минутпен)



Жоспарланған әрекет

бағалау

Ресурстар

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті







Кіріспе 5 мин

Міндеті:оқушыларды ұйымдастыру, жұмыс істеуге жағдай туғызу


Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу геометриялық фигуралар арқылы іске асады



Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Сабаққа дайындықтарын білдіреді.

Карточканы алған соң қалай топтасу керек екенін ақылдасып шешеді. Әр топ басқа топқа тілегін айтады.



Мұғалім сабаққа дайындықтарына баға береді (оқу құралдары, оқулық, дәптер)

Дұрыс бөлінгеніне баға береді


карточкалар



Таныстырылым 5 мин

Міндеті: сабақты қабылдауға дайындау, жаңа сабаққа енгізу



Физикалық және химиялық құбылыстар бойынша тапсырма беріледі

1 - топ. Күнделікті тұрмыста мал сүтін былай өңдейді:
А) сүтті әуелі сүзіп тазартады;
Ә) сосын жылытады;
Б) сүт машинасынан өткізіп қаймағы мен «көк сүтке» айналдырады;
В) қаймақты бұлғап, майға айналдырады;
Г) ал «көк сүтке» ұйытқы салып ұйытып, майсыз айранға айналдырады.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
2 - топ. Айраннан жасалатын құртты былай дайындайды:
А) мал сүтін сүзеді;
Ә) сүтті пісіреді;
Б) ұйытқы қосып, жылы жерге қойып айран ұйытады;
В) Түзілген айранды әуелі дорбаға құйып, сары суынан сүзіп, бөліп қатық алады;
Г) алынған сүзбені тұз қосып араластырып, дөңгелек пішінге келтіріп кептіреді.
Осы аталғандардың қайсысы физикалық құбылысқа, қайсысы химиялық құбылысқа жатады?
3 - топ.
А) Бір тамшы су тас теседі;
Ә) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді;
Б) Күзгі жапырақтың сарғаюы немесе қызаруы;
В) Жайған кірдің кебуі.



Оқушылар топ жауаптарын бағалайды, бағдаршам арқылы

бағдаршам

Негізгі бөлім 30 мин

Міндеті: сабақтағы күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағыттау


1 тапсырма. Пробиркаға аздап магний ұнтағын салып үстінен 1-2 мл тұз қышқылын құйыңдар. Не байқадыңдар.

2 тапсырма. Мыс хлориді ерітіндісіне натрий гидроксиді ерітіндісін құйыңдар. Не байқадыңдар.

3 тапсырма. Түз қышқылы ерітіндісіне 1-2 тамшы лакмус тамызыңдар. Одан соң 1 тамшыдан натрий гидроксидін қосыңдар . Не байқадыңдар.


Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Мұғалім көмегімен реакция теңдеуін жазады. Қорытынды жазады. 1. Жылудың бөлінуі/ allocation of heat
2. Тұнбаның түсуі/ loss of deposit
3. Газдың бөлінуі/ liberation of gas
4. Түсінің өзгеруі/ change in color
5. Жарықтың бөлінуі/ allocation of light
6. Иістің пайда болуы/ variation of a smell



Мұғалім қолдауы

Пробирка, реактивтер

Қорытынды бөлім 5 мин

Міндеті: материалды қалай меңгергенін анықтау, түзету


Оқушыларға реакция теңдеулері беріледі.


Реакция теңдеулерін аяқтайды.Нәтижесін айтады.
Қабілеті жоғары оқушылар карточкамен жұмыс жасайды.
1. Күміс нитраты және тұз қышқылы;
4. Натрий гидроксиді мен темір ІІ хлориді;


Дұрыс жауаптарды тақтаға шығару арқылы тексеру іске асады.

Интербелсенді тақта

Рефлексия 5 мин

Міндеті: жұмыс қорытындысын жасау, сабақтың нәтижелігін бағалау



Рефлексиялық нысана арқылы жасалады.

Оқушылар 5 балдық жүйе бойынша белсене қатыстым, қызықты болды, түсінікті болды, жаңаны білдім деген көрсеткіштер бойынша кері байланыс береді.

Рефлексивті нысана

Интербелсенді тақта

Қосымша ақпарат

Деңгейлеу

Оқушы көмек көрсетуді қалай ұйымдастырасыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма бересіз?





Бағалау – оқушылардың ілгерілеуін/ білімін қалай есепке аласыз? (жалпы ақпарат/ бағалау идеясы)

Пәнаралық байланыс, өмірмен байланыс

Оқушыларға көмек жұптағы жұмыс арқылы іске асады. Үлгерімі төмен оқушыларға жақсы үлгеретін оқушылар көмек көрсетеді. Қабілеті жоғары оқушыларға карточкалар әзірленеді.

Жұпта бағалау, топта бағалау және өзін-өзі бағалау іске асады. Топтар бір-бірінің жауабын бағдаршам арқылы бағалайды.




Рефлексия

Оқу мақсаттары/ сабақ мақсаты шынайы болды ма? Оқушылар бүгін неге үйренді? Сабақтағы ақуал қандай болды? Менің деңгейлік тапсырмаларым тиімді болды ма? Уақытты тиімді пайдаландым ба? Өз жоспарыма қандай өзгеріс енгізгім келеді? Неліктен?




Төмендегі орынды сабақ бойынша бақылауларыңызды жазуға арнаңыз. Сол жақтағы сұрақтарға жауап жазыңыз.

Оқу мақсаттары шынайы және нақты, себебі оқушылар химиялық реакция ұғымын аша алды. Оқушылар өз білімдерін жүйелеп, қолдана білуге үйренді. Сабақта оқушылар жеке, жұптаса және топта жұмыс істеп, өздерін бағалау дағдыларын жетілдірді. Бір-бірімен сыйластықта жұмыс істеді. Жұқсы үлгеретін 2 оқушыға жеке тапсырма берілді. Нашар үлгеретін оқушыларға кеңесші көмегі ұйымдастырылды. Уақыт тиімді қолданылды. Барлық жоспарланған жұмыс орындалды.

Қорытынды бағалау:
Сабақтағы екі ең сәтті әрекетті атаңыз (оқыту және оқу бойынша).

1: Топтарға берілген тапсырмалар олардың бірлесе жұмыс жасауына әсер етті.

2: зертханалық жұмыс арқылы жаңа сабақты өздері меңгерді.

Сабақты жақсарта алатын екі әрекетті атаңыз (оқыту және оқу бойынша).

1: реакция теңдеуін көбірек жазғызып меңгерту қажет.

2: бағалау парағына өзгерістер енгізу.

Осы сынып немесе оның жекелеген оқушылары туралы қандай жаңа ойлар түйдім. Бұл келесі сабақты өткізуіме қалай әсер етеді. Оқушылар зертханалық жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ержелерін сақтамайды. Заттардың мөлшерлемесін сақтамайды. Ұқыпты емес. Топтық жұмысқа барлығы белсене қатысады.

Оқушылардың химиялық реакция теңдеуін құра білуін критериалды бағалау



критерий

дескриптор

баллдары

Жалпы балл

Оқушының алған балы

Химиялық реакция белгілерін анықтай алады

Химиялық реакция белгілерін білмейді білмейді

0

3




Химиялық реакциялардың барлық белгілерін атай алады

3




Химиялық реакция теңдеуін жаза алуы

Химиялық реакция теңдеуін құрастыра алмайды

0

6




Реагенттерді дұрыс жазады

2




Реакция өнімін дұрыс жазады

2




Бағалау:

Тапсырманы орындау пайызы

Ұпай саны

Баға

89-100%

8-9

«5»

72-88%

6-7

«4»

55-71%

4-5

«3»

0-54%

0-4

«2»





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет