№23 Сабақ
|
Химия
|
|
Сабақ тақырыбы:
|
Азот қышқылы және оның тұздары
|
Сілтеме:
|
9 ( жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулық. Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н. Заграничная
|
Жалпы мақсаттар:
|
Азот қышқылы және оның тұздары нитраттардың қасиеттерін, қолданылуын қарастыру, оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамыту. Нитраттардың айырылу реакциясында шығатын өнімдер металдың белсенділігіне байланысты екендігін түсіндіру.
Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Азот қышқылы және оның тұздарының қасиеттері туралы білім қалыптасады. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаза алады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Көшбасшылық айқындалады
|
Түйінді идеялар
|
Азот қышқылы және оның тұздарының қасиеттері. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Кеңейтілген тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушылар айқындау. Топтық жұмыста көшбасы оқушылардың айқындалуы. Жас ерекшеріктеріне сай тапсырмалар орындау.
|
Сабақтың әдісі
|
Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі,
|
Сабақтың көрнекілігі
|
HNO3(конц.), мыс сым, HNO3, NaOH, Na2CO3, фенолфталеин ерітінділері, қатты мыс (II) оксиді, сынауықтар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
топтық тапсырма
Ітоп – Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
N2—NН3 — NН4СІ— СаСI2
ІІ топ – Есепті шығарыңдар. Ерітіндінің массасы 600г массалық үлесі 42% азот қышқылы арқылы аммиак өткізгенде массасы 300г аммоний нитраты түзілді. Аммоний нитратының массалық үлесін есептеңдер.
ІІІ топ - Есепті шығарыңдар. 2л азот пен 4л сутек әрекеттескенде (қ.ж) түзілетін аммиактың көлемін табыңдар.
|
«Ой қозғау»
|
Т оптастыру Нитраттар зегеніміз не?
нитраттар
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
І топ.
Азот қышқылы және оның қасиеттері
ІІ- топ
Азот қышқылының тұздары
ІІІ- топ
Азот қышқылының тұздарын қолданылуы
Топтар постер қорғайды. Топтағы оқушылар бір- бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.
|
Тапсырмалар
|
Тапсырма
«Кезбе тілші» әдісі бойынша топтағы оқушылар бір-біріне сұрақ қояды .
2- Тапсырма
1- топ
Концентрациялы күкірт қышқылы мен азот қышқылына салыстырмалы сипаттама беріңдер.
2- топ
Азот қышқылы HNO3 күшті тотықтырғыш болғандықтан металдармен әрекеттескенде шығатын өнімдер оның концентрациясына, металдың белсенділігіне, температураға тәуелді болады. Осыған мысалдар келтіріңдер.
3-топ
Концентрациялы азот қышқылы HNO3, әдетте Al, Fe,Cr, Ni, Au т.б. метадарға әсер етпейді. Мысалдар келтіріңдер.
|
Кейінгі тапсырмалар
|
Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау.
|
Бағалау
|
Формативті бағалау:
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды.
|
Кері байланыс
|
Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.
|
Үйге тапсырма
|
|