Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме



бет16/61
Дата08.02.2022
өлшемі330,31 Kb.
#119216
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Байланысты:
00039933-5932f97c

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру



«Ой қозғау »

Түрткі сұрақ: Электролиттер дегеніміз не?

  1. Мына заттар электр тоғын өткізе ме?

а) натрий хлоридінің ерітіндісі;
ә) қант ерітіндісі;
б) күкірт қышқылының ерітіндісі.



  1. Құрамында мынадай иондары бар қосылыстарды жазыңдар:

а) Na+ жәнеCl-
ә) K+ және S2-
б) Ba2+ және NO3-
в) B2+ және Br-
г) Al3+және SO42-



  1. Кестеде берілген қосылыстардың иондық құрамын көрестіңдер.




Қосылыстың формуласы

Иондар

оң теріс


  1. BaCl2

  2. NaOH

  3. Al2(SO4)3

  4. MgCl2

  5. Zn(NO3)2

  6. Ba(OH)2

  7. HCL







Жаңа сабақ



Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс
Неліктен тұздардың, қышқылдардың және негіздердің судағы ерітіндісінде иондар пайда болады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін су молекуласының құрылысы мен қасиетін білу керек. Әңгімелесу процесінде оқушылар судың қасиеттерімен қысқаша таныстырады. Оқушылар судың құрылымдық және электрондық формулаларын еске түсіреді және судың кейбір қасиеттері, оның молекуласының өте күшті полюстігіне (диполь) байланысты деген қорытынды жасайды. Еру процесі еріткіштің қасиетіне тәуелді. Мысалы, су зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылуын 81 есе азайтса, ал этонол 27, ацетон 27, бензол 2 есе (диэлектрлік өтімділік) азайтады.
Иондар түзілуі мен механизмін жүйелеп, оқушыларға мынадай қорытынды жасайды: иондық және ковалентті полюсті байланысты қосылыстар ерігенде түзілген иондар судың дипольді молекулаларымен әрекеттесіп, гидраттанған иондар түзеді, яғни диссоциация процесі жүреді. Әрі қарай диссоциация процесінің қайтымды екені, иондарға ыдырау-иондану, ал кері процесс– молекула түзілу деп аталатыны айтылады.
Ерітіндіде иодар су молекуласымен байланысқан, яғни гидраттанған күйде болады. Оқушылар бірден мынадай қорытынды шығарады, гидраттанған мыс ионының кристалдық мыс (II) сульфатындағы мыс айырмашылығы бар.
Әрі қарай қышқылдардағы коваленттік байланыстың, оларды суда еріткенде ионды байланысқа айналу механизмі қаралады және сутектің гидраттанған ионы:
Н+2О = Н3О+
оксоний ионы туралы түсінік енгізіледі.
Оксоний ионын гидраттанған протон түрінде қарау керектігін ескертеді, осыған байланысты кейінгі жаттығуларда қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазу әдісіндегі (Н3О орнына Н+) ерекшелік түсіндіріледі, себебі ерітіндіде сутек ионы ғана емес, барлық иондар гидраттанады. Сондықтан иондармен байланысқан су молекуласы реакция теңдеуіне есепке алынбайды. Бұны түсіндіру үшін қышқылдардың оксоний ионын түзе жүретін диссоциация теңдеуін және қысқартылған түрін жазып көрсетеміз:
HCl + H2O = H3O+ + Cl-
H2SO4 + 2H2O = 2H3O+ + SO42-
HNO3 + H2O = H3O+ + NO3-
немесе

HCl = H+ + Cl-


H2SO4 = 2H+ + SO42-
HNO3 = H+ + NO3-
Бұдан кейін электролиттік диссоциация теңдеуі қалай жазылатынын және оқылатынын күкірт қышқылының, кальций гидроксидінің, алюминий сульфитінің мысалында түсіндіреді. Содан соң тақтаның сол жағына тігінен бірнеше қышқылдар, негіздер, тұздардың формулалары жазылып, оқушыларға осылардың әрқайсысының электролиттік диссоциация теңдеуін жазу ұсынылады. Тапсырма тексеріліп, тақтаға электролиттік диссоциация теңдеуінің жүйеленген жалпы формуласы жазылады:
КА = К+ + А-

КА – диссоциацияланбаған электролит молекуласы, К+ катион, А-- анион


Топтық тергеу әдісі бойынша мәтінді қорғайды.

  1. Баяндамашы- мәтінді мазмұндап айтады.

  2. Сұрақ қоюшы- мәтінге байланысты сұрақ қояды.

  3. Сілтеме табушы-мәтіннің ішіндегі термин және түйін сөздерді табу.

  4. Дәнекерлеуші-оқып отырған мәтінді өмірмен байланыстырады.

Тапсырмалар

Эксперименттік есептерді шығару барысында, қосымша пысықтау сұрақтарының көмегімен оқушылардың білім деңгейін анықтауға болады.
1. Электролиттік диссоциация теориясының мәнін айтып беріңдер.
2. Тұздардың, негіздердің және қышқылдардың суда ерігенде иондарға диссоциацияланатынын қалай дәлелдеуге болады?
3. Аз мөлшерде тұз алып, суда және этанолда еріткенде алынған ерітінділердің электрөткізгіштігі қалай болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет