Сабақтың көрнекілігі
|
Тұз және сірке қышқылының 1 М ерітіндісі, сірке қышқылы (конц.), дистилденген су, эксперименттік есептерге қажетті реактивтер, бензол, натрий хлоридінің концентрациялы ерітіндісі, заттардың электрөткізгіштігін тексеретін аспап, кейбір күшті және әлсіз электролиттердің диссоциация дәрежесінің сандық мәндері көрсетілген кесте
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру.
Өзіндік жұмыс. /деңгейленген/
1 – нұсқа /жеңіл/
CaH2, HBr, NaOH берілген. Осы заттардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар.
2 - нұсқа /орташа күрделі/
Калий, алюминий металдары мен күкірт қышқылынан түзілген тұздардың формуласын құрастырып, осы тұздардың диссоциациялану теңдеуін жаз.
3 - нұсқа./күрделі/
24 элементтің жоғары оттекті қышқылы мен литийден тұратын тұздың формуласын құрастырып, осы қосылыстардың диссоцициялану теңдеуін жаз.
Тақтада орындалатын жұмыстар:
1) K2SO4, CuH2, HNO3
2) NaNO3, Ca(OH) 2, H2SO4(сатылы)
3) MgH2, Ba(OH) 2, HBr, H 3PO4
Бром электр тогын өткізеді ме? Неге?
Қышқылдар, негіздер, тұздар дегеніміз не?
Сыныпта орындайтын жұмыс:
K, Li, F, S атомдары мен иондарының сызбасын сызып, ұқсастық, айырмашылықтарын түсіндір. (жұптық жұмыс)
|
«Ой қозғау»
|
Түрткі сұрақтар:
Электролиттердің молекулалары толық диссоциациялана ма? әлде жартылай диссоциациялана ма?
Электролиттердің диссоциациялануы неге байланысты?
Бірдей мөлшерде, бірдей концентрацияда алынған тұз және сірке қышқылының электрөткізгіштігіне жүргізілген көрнекті тәжірибенің негізінде, оқушылар бұл ерітінділердің электрөткізгіштігі әртүрлі болатыны туралы қорытынды жасайды.
|
Жаңа сабақ
|
Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс
Тұз қышқылы сірке қышқылына қарағанда иондарға көбірек диссоциацияланады. «Диссоциациялану дәрежесі» ұғымы және α = — .... (мұндағы n – иондарға ыдыраған бөлшектер саны, N – еріген молекуланың жалпы саны) формуласының мәнін нақты мысалдармен түсіндіреді. Мысалы: 20С0-та тұз қышқылының концентрациясы с (НСl) = 0.9 моль/л болған жағдайда диссоциациялану дәрежесі:
α = 0,91 немесе 91%.
Содан соң оқушыларға деңгейлі тапсырмалар бойынша оқулықпен өзіндік жұмыс орындау ұсынылады.
Тапсырма. Оқулықты пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. «Ерітіндіде сірке сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,013% немесе 1,3%-ке тең» деген сөйлем нені білдіреді?
2.Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуладан:
а) 70;
ә) 5 молекула ионға ыдыраған жағдайда оның диссоциациялану дәрежесі неге тең болады?
3. Бейорганикалық қосылыстардың әртүрлі класына жататын электролиттерге 2 мысалдан келтіріңдер: а) күшті; ә) орташа; б) әлсіз.
4. Электролитті суда еріткенде әрбір 100 молекуланың 70-і немесе 10-ы иондарға ыдыраған жағдайда, электролиттің диссоциациялану дәрежесі неге тең?
5. Диссоциациялану дәрежесі 0,31%-ке, 50%-ке, 25%-ке тең дегенді қалай түсінуге болады. Мүмкіндігіне қарай диссоциациялану дәрежесінің концентрацияға, температураға және электролиттің табиғатына тәуелділігін экспериментті түрде көрсетуіне болады. Мысалы, электрөткізгіштікті сынайтын аспапты пайдаланып, сірке қышқылының электрөткізгіштігін тексеруді қарастырамыз. Алғаш электр шамы әлсіз ғана жылтыраса, ерітіндіге су құйған сайын шам жарқырап, жануы күшейе түседі.
Диссоциациялану дәрежесінің электролиттің табиғатына тәуелділігін NaOH және KOH, HF және HCl электролиттерінің электрөткізгіштігін салыстыру мысалында қарастырамыз.
Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану дәрежесінің температураға тәуелділігін де көрсетуге болады. Бұл үшін құралдың жоғары жағындағы сымға амперметрді қосамыз, ал электрөткізгіштікті сынайтын аспапты стакандағы қыздырылған (қайнатуға жеткізбей) және қыздырылмаған сірке қышқылының ерітіндісіне саламыз.
Күшті және әлсіз электролиттер туралы ұғым бекіту үшін олар мен бірге мынадай кестені толтыруға болады
Оқулықпен жұмыс.
1) Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.
2) Күшті және әлсіз электролиттер.
3) Электролиттердің қасиеттері-бұл иондар қасиеті. Көрнекі көрсету.
1. NaCl концентрациялы ерітіндісінің
2. Сірке қышқылының концентрациялы ерітіндісінің электр өткізгіштігін тексеру.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Электролиттің иондарға ыдырауын қандай шама анықтайды?
2. ЭД дәрежесі дегеніміз не?
3. α (CH3COOH)=0. 3 бұл нені білдіреді?
4. α бойынша электролиттер қандай топтарға бөлінеді?
5. Қандай қышқылдардың молекуласында сутек ионы қышқыл қалдығымен берік байланысады? Күшті қышқыл ма, әлде әлсіз қышқыл ма?
6. Суды әрі қышқыл, әрі негіз деп неге есептейді?
7. ЭД дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |