Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме


Сулы орта үшін электролиттердің жіктелуі



бет20/61
Дата08.02.2022
өлшемі330,31 Kb.
#119216
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
00039933-5932f97c

Сулы орта үшін электролиттердің жіктелуі.

Қосылыс кластары

Электролиттер

күшті

орташа

әлсіз

Қышқылдар

HI, HBr, H2SO4, HClO4, HNO3, HCl

H3PO4, H2SO3

H2CO3, HF, H2S, H2SiO3, HCN, CH3, COOH

Негіздер

1

-

NH4OH және ерімейтін негіздер

Тұздар

Еритін тұздар

-







α– 70 – 90%

α – 3 – 30%

α – 1 – 3%




Тапсырмалар

1. Әлсіз электролит ерітіндісі берілген. Оның α - диссоциациясын қалай арттыруға болады? Әдісін ұсын.
2. 180С тұз қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0, 78 немесе 78%. Сонда химиялық тепе-теңдік кезінде бөлшектердің қатынасы қалай болады?
Жауабы (HCL = H + +CL -)
22 78 78
молекула иондар
3 Ерітіндіде H+, OH - иондарының бар екенін қалай анықтауға болады?
(Тәжірибе жүзінде дәлелдеу) Бұл иондар ерітіндіге қандай қасиеттер береді?
4. KMnO4 «марганцовка» ерітіндісінің қызыл түсті болуының себебі неде?
5. Қандай түсті, түссіз иондарды білесің?
6. H+, Ca2+, SO42 -, MnO4 - иондары түзілетін заттардың формуласын құрастыр.



Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау.

Бағалау

Формативті бағалау :
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды



Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу

Үйге тапсырма

§7



8 Сабақ







Химия




Сабақ тақырыбы:

Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың сулы ерітінділерде диссоциациялануы.

Сілтеме:

9 (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулық. Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная

Жалпы мақсаттар:

  • ЭД теориясы тұрғысынан қышқылдардың , негіздердің және тұздардың қасиеттері туралы оқушылар білімін жинақтау және тереңдету, оқушылардың иондық реакция теңдеуін құру дағдысын жетілдіру

  • Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Электролиттік диссоциация теориясы арқылы заттардың қасиеттері туралы түсініктері, әртүрлі класс заттарының генетикалық туыстығы туралы білім қалыптасады.
Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады.
Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Көшбасшылық айқындалады.

Түйінді идеялар

Қышқылдардың, сілтілердің және тұздардың сулы ерітінділерде диссоциациялануы. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Кеңейтілген тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушылар айқындау.Топтық жұмыста көшбасы оқушылардың айқындалуы. Жас ерекшеріктеріне сай тапсырмалар орындау.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі.

Сабақтың көрнекілігі

Әк суы, натрий гидроксидінің ерітіндісі, қышқыл ерітіндісі, тамшуыр, лакмус, фенолфталеин, стақандар,
«Қатты заттардың еру механизмі» кинофрагменті, «Қышқылдар, негіздер және тұздардың ерігіштігі» кестесі.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру.
Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:
а) қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.
ә) сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.
б) қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.
Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.
Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HСlO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;
ә) төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?
б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар.



«Ой қозғау»

Түрткі сұрақ: Әртүрлі электролиттерден ерітіндіде түзілетін бірдей иондар бейорганикалық қосылыстардың бір класына жататын заттардың ұқсастығын қалай анықтайды?

Жаңа сабақ



Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
Электролиттердің сулы ерітіндідегі диссоциациялану механизмін білген соң қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоцациясын шартты түрде бейнелейтін реакция теңдеуін құру. Электролиттердің ерітінділері электрбейтарап екенін есте сақтаған жөн. Иондардың түзілуіне байланысты кинофрамент көрсетіледі. (бар болса).
Бұдан кейін оқушылар АКТ арқылы көрсетілген жаттығуды ауызша орындайды: мына заттар қандай иондарға диссоциацияланады және түзілетін иондардың зарядтары қандай: HCl, KCl, CaCl2, HNO3, Al(NO3)2,
Na3PO4, KOH, Ca(OH)2?
Әрі қарай қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциация теңдеуін құруды көрсетеді. Мұғалім қышқылдардың, негіздердің және тұздардың сатылап диссоциациялануын мынадай мысалдармен келтіреді.
1. топ Ca(OH)2↔CaOH+ OH- ↔ Ca2+ + 2OH-
2. топ H2SO4 ↔ H+ + HSO4- ↔2H+ + SO42- 3. Топ NaHSO4 ↔ Na+ + HSO4- ↔Na+ + H+ +SO42-
CaOHCl ↔ CaOH+ + Cl- ↔Ca2+ + OH- + Cl-
Оқушыларда қышқылдар, негіздер және тұздардың диссоциациялануы туралы ұғым қалыптасқан соң, олардың иондық құрамында ненің жалпы екенін түсіндіреміз.
Бұл кластардың қосылыстарына электролиттік диссоцация теориясы тұрғысынан қандай анықтама беруге болады? Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың диссоциациялану теңдеуін жазып, олардың анықтамасын оқушылардың өздеріне айтқыздырған дұрыс. Мысалы: HI, Ba(OH)2, MgCl2.

Тапсырмалар

Бекіту сұрақтары:
Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс беріледі.
Формулалары берілген заттардың: Pb (OH)2, Na3Po4, HF, Ca(OH)2, Al(NO3)3 электролиттік диссосация теңдеуін жазыңдар.
Суда ерігенде мынадай иондар түзетін заттардың формулаларын жазыңдар:
а) Al3+ және SO42-; ә) К + және ОН-; б) Н+ және Вr- .

Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау.

Бағалау

Формативті бағалау :
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды.



Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.

Үйге тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет