Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме



бет24/61
Дата08.02.2022
өлшемі330,31 Kb.
#119216
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
00039933-5932f97c

Тапсырмалар



1-тапсырма «Сарыағаш» минералды суы құйылған ыдыста Na+; K+ катиондары, H2CO3¯; CO32-; F- аниондары берілген. Осы минералды суда түзілуі мүмкін болатын тұздардың формуласын жаз. Оқушылар өздері тақтаға тұздардың формулаларын құрайды.
NaHCO3; NaCO3; K2CO3; KF; KHCO3.
2-тапсырма. 3 топқа бөлек -бөлек әр түсті қағазға жазылған катиондар мен аниондар бірнешеу таратылады. Сол қағаздарға байланысты тұнбаның түрін анықтайды.
Мысалы: Ba2+ + SO4¯↔BaSO4↓ақ тұнба ақ қағаздан жасалған.
Pb2+ + S2- ↔ PbS↓ қара қағаздан жасалған қара тұнба.
Ag+ + Br↔ AgBr↓сары қағаздан жасалған сары тұнба.
3-тапсырма. Үш топқа есептер шығаруға беріледі.
I-топ:
m(CuSO4)=20г CuSO4+2NaOH→Na2SO4 + Cu(OH)2
m(NaOH)=8г 160г/моль 80 г/моль 98г/моль
m(Cu(OH)2)-? ν=m/Mν(CuSO4)= 20г/160г/моль=0,125моль
ν(NaOH)= 8г/40г/моль=0,2моль
1моль(CuSO4) - 2моль(NaOH)
Х моль (CuSO4) - 0,2моль (NaOH)
Х=1*0,2/2 = 0,1моль
80г(NaOH) - 98г(Cu(OH)2)
8г(NaOH) - Х г (Cu(OH)2)
Х=8г*98/80=9,8г
II-топ:
V(ер-ді)=200мл Na2CO3 + 2HCl → 2NaCl + H2O + CO2
W(HCl)=20% 106 36,5 44
ρ=1,1г/мл 106 73 22,4л
m (Na2CO3)=90г
w=m(ер.зат)/m(е-з)*100; m(ер-ді)=ρ*V;
V(CO2)-? m(ер.зат)=w* ρ*V/100
m(HCl)=20*1,1*200/100=44г
ν(HCl)=44/36,5=1,2моль
ν (Na2CO3)=90/106=0,85моль
1моль(Na2CO3) – 2 моль(HCl)
X моль(Na2CO3) - 1,2 моль(HCl)
X=1*1,2моль/2моль=0,6 моль
0,85моль-0,6моль=0,25 моль
73г (HCl) – 22,4л (СО2)
44г (HCl) – х л (СО2)
Х=44г * 22,4 л /73г =13,2 л (СО2)
III-топ:
V(ер-ді)=120мл 2HCl + CaCO3 → CaCl2 + H2O + CO2
ρ=1,075г/мл M 36,5г/моль 100г/моль 44г/моль
w(HCl)=15% m(ер-ді)=ρ*V
m(CaCO3)=20г m(ер-ді)= 120мл*1,075г/мл=129 г
Vқ.ж(CO2)-? w= m(е.з)*100%/m(ер-ді)=>w* m(ер-ді)/100%
m(HCl)=15*129/100=19,35 г
МФ(HCl)=19,35/73=0,27
МФ(CaCO3)=20/100=0,2
МФ(CaCO3)< МФ(HCl)
100г (CaCO3) - 22,4л (CO2)
20г (CaCO3) - х л (CO2)
Х=20*22,4/100 = 4,48л (CO2)



Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау.

Бағалау

Формативті бағалау:
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды.



Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.

Үйге тапсырма

§9



10 сабақ

Химия




Сабақ тақырыбы:

ЭД теориясы тұрғысынан қышқылдардың химиялық қасиеттері

Сілтеме:

9 (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулық. Н.Нұрахметов, К.Жексембина, Н.Заграничная

Жалпы мақсаттар:

  • Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың, қасиеттері туралы оқушылар білімін жинақтау және тереңдету.

  • теңдеулерін құрастыру, білім-білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.

  • сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардың, қасиеттері туралы оқушылар білетін болады.
Қышқылдардың қандай заттармен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаза алады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.

Түйінді идеялар

Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқылдардық қасиеттері. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау. Кеңейтілген тапсырмалар арқылы талантты және дарынды оқушылар айқындау. Топтық жұмыста көшбасы оқушылардың айқындалуы. Жас ерекшеріктеріне сай тапсырмалар орындау.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі.

Сабақтың көрнекілігі

Индикаторлар, қышқылдар топтамасы, сілті ерітінділері, мыс (II)оксиді, мырыш, темір және мыс сымдар, тұздар топтамасы: мыс (II)сульфаты, темір (III) хлориді, «Қышқылдар» слайдттар, «Тұздардың, қышқылдардың және негіздердің суда ерігіштігі» кестесі.

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу.

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығу жұмыстарын тексеру.
Тапсырма. Төменде берілген реакция теңдеулерін теңестіріп, толық және қысқартылған иондық түрде жазыңдар.
I нұсқа

  1. HNO3 + Ba(OH)2 →Ba(NO3)2 + H2O

  2. AgNO3 + K3PO4→ Ag3PO4 + KNO3

  3. BaCO3 + HCl → BaCl2 + H2O + CO2



II нұсқа

  1. NaOH + FeCl2 →Fe(OH)2 + NaCl

  2. CaCO3 + HNO3 →Ca(NO3)2 + H2O + CO2

  3. Ca(OH)2 + HCl →CaCl2 + H2O

Немесе сабақтың басында жоғарыдағыдай мақсатта лабороториялық тәжірибелер орындауға арналған өзіндік жұмыс өткізуге болады (оқушылар үстеліне керекті реактивтер қойылады).




I нұсқа
Төменде көрсетілген заттар ерітінділерін бір-біріне құйғанда қай жағдайда реакция аяғына дейін жүреді, қайсысында реакция қайтымды?
а) KNO3 және NaCl
ә) Ba(NO3)2және H2SO4
б) CuSO4 және NаOH
II нұсқа
Берілген айнаымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CuCl2→Cu(OH)2→CuSO4
III нұсқа
Мына бөлшектердің әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакция теңдеуін жазыңдар:
а)CuO + 2H+ → ә)2OH- + Cu2+→ б)H+ + OH-

Келтірілген реакциялардың толық иондық теңдеуін жазыңдар.



Жаңа сабақ



Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқиды.
І топ.
Қышқылдардың сутекке дейін орналасқан белсендірек металдармен және металл оксидтерімен әрекеттесуі.
ІІ- топ
Қышқылдардың суда еритін және ерімейтін негіздермен әрекеттесуі.
ІІІ- топ
Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі.
Топтық тергеу әдісі бойынша мәтінді қорғайды.

    • Баяндамашы- мәтінді мазмұндап айтады.

    • Сұрақ қоюшы- мәтінге байланысты сұрақ қояды.

    • Сілтеме табушы- мәтіннің ішіндегі түйін сөздерді табу.

    • Дәнекерлеуші-оқып отырған мәтінді өмірмен байланыстырады.

    • Бейнелеуші, суретші-осы тақырып аясында сызбалар дайындайды.

    • Топтар постер қорғайды. Топтағы оқушылар бір-бірін екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Тапсырмалар

Қышқылдардың қасиеттерін қайталау үшін оқушыларға мына қышқылдардың диссоциаицялану теңдеуін жазу ұсынылады: HCl, H2S, HNO3, H2SO4, H3PO4 және олардағы ортақ иондардың астын сызу тапсырылады.
Оқушылар еритін қышқылдардың ортақ қасиеттері-сутек ионының, дәлірек айтқанда оксоний ионының қасиеті екенін естеріне түсіреді:
1) қышқылдық дәм; 2) индикаторлардың түсін өзгертеді (лакмусты-қызылғы); 3) белсенді металмен әрекеттесіп, сутек бөледі және тұз түзеді; 4) негіздік оксидтермен әрекеттеседі; 5) еритін және ерімейтін негіздермен әрекеттеседі.
Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазады. Теңдеуді талдау барысында әрбір реакция Н+ ионы бар екендігіне баса назар аударылады және бұл ортақ қасиет тек қышқыл ерітінділеріне ғана тән.
Қышқылдардың тұздармен әрекеттесу реакциясын талқылаймыз. Бұл реакцияларда қышқылдың күшіне көңіл аударылады және мына қышқылдар мен тұздар ерітінділері арасындағы алмасу реакциялары жасалып талданады: H2SO4 және BaCl2, HCl және AgNO3, HCl және CaCO3. Оқушылар газдың бөлінуі немесе тұнбаның түсуі арқылы реакцияның жүргенін көреді және реакцияның молекулалық иондық теңдеулерін жазады.



Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы жаттығуларды орындау.



Бағалау

Формативті бағалау :
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды.



Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу.

Үйге тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет