Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме



бет6/61
Дата08.02.2022
өлшемі330,31 Kb.
#119216
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
00039933-5932f97c

Тапсырмалар

Түсініктер мен заңдылықты атом құрылысы теориясы тұрғысынан түсіндіру

Мысалдар.

1 Элементтің реттік нөмірі және ядро заряды атомдағы электрон санына сәйкес келеді.

2. Период нөмірі берілген элемент атомының энергиялық деңгейінің санына сәйкес, яғни атомдағы энергия қабатының мөлшері сан жағынан элемент орналасқан периодтың нөміріне тең.


3. Элементтердің химиялық қасиетінің периодты өзгеруі электрондардың энергиялық деңгейде периодты орнала- суына байланысты. Элемент атомының ядро зарядының өсуіне байланысты бірдей валентті электрон бар эле- менттер периодты түрде қайталанады.


4.Элементтердің жоғары оксидтерінде валенттіктерінің өсуі сутекті қосылыстарында кемуі (периодта солдан оңға қарай) ішкі энергиялық қабатта электрон санының өсуімен түсіндіріледі.


5. Периодта солдан оңға қарай ядро заряды біртіндеп өседі, ядро мен валенттілік электрондардың ара қашықтығы кемиді. Осыған орай электрондарды беріп жіберу қиындап, металдық қасиет әлсіреп бейметалдық қасиет күшейеді.


6. Элементтің жоғары оксидтегі валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон санына, топ нөміріне сәйкес болады. Ал сутекті қосылысында валенттілігі сыртқы электрон қабатын аяқтауа жетіспейтін электрон санымен анықталады.


7. Негізгі топтың элементтерінде атомдық массаның өсуіне қарай (жоғарыдан төмен қарай) валенттілік электрон мен ядроның ара қашықтығы ұлғаяды, сондықтан элементтің электрон беру қабілеті мен металдық қасиеті артады. Негізгі топ элементтерінің сыртқы электрон қабатындағы электрон саны топтың нөміріне сәйкес келеді.



Натрий элементінің реттік нөмірі –11. Атомның ядро заряды –11, оның айналасында теріс зарядты 11 элетрон орналасады.
Кальций элементі ІҮ-ші периодта орналасқан. Оның атомында электрондар 4-ші энергиялық деңгейде орналасқан.
Азоттан фосфорға, одан мышьякқа қарай қасиеттердің периодты қайталануы, осы элементтердің сыртқы энергиялық деңгейінде 5- электроннан орналасуымен, яни сыртқы энергиялық деңгейде электрон санының қайта- лануымен түсіндіріледі.

Кремний элементінен (ішкі қабатта 4- электрон) фосфор элементіне қарай (ішкі қабатта 5-электрон) жоғары оксидтерінде валенттілік 4–тен 5–ке дейін, сутекті қосылыстарында 4-тен 3-ке дейін кемиді.


ІІІ периодта натрийден (Na →СІ) хлорға қарай металдық қасиет азайып бейметалдық қасиет басым болады. Мұндай заңдылық барлық периодта сақталады.


Хлор элементі VII–топта, сыртқы электрон қабатында 7-электрон орналасқан. Осыған орай хлордың жоғары оксидінде валенттілік VII, ал сутекті қосылысында–1.


4–ші топтың негізгі топшасындағы көміртегі элементті бейметалл, ал ең төменгі қорғасын - металл.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет