Сабақ жоспары №35
Оқытушы: Серикбаева С.К. пәннің аты Информатика
Оқу тобы: ____________________________________________күні: ____________________________
Сабақ тақырыбы: HTML-тілінде мәтіндер мен тізімдерді тегтерін қолдану
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
|
Білімділік: студенттерге
|
Тәрбиелік: студенттерді коммуникативтілікке, компьютерлік сауаттылыққа, іздемпаздыққа, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
|
Дамытушылық: Студенттердің белсенділіктерін арттыру, іздендіру. Логикалық ойлау, өз бетінше жұмыстануын дамыту.
|
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақты жабдықтау: слайд
Таратылатын материалдар____________________________________________________
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі
Сабақты жүргізу кезеңдері
(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)
|
Қосымша және берілген уақыт (мин)
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
3 мин
|
Сабақты өткізуге оқытушының психологиялық даярлығы
|
| |
| |
|
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (топтағы әр студентпен қарым-қатынасқа түсе алу деңгейі)
|
15 мин
|
Хаттамаларды біріктіру жолдары
|
|
|
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (түсіндірудің жүйелілігі, түсініктілігі, пәнаралық байланысы, оқытушының өзіне – өзі сенімділігі)
|
60 мин
|
Жоспары:
|
|
HTML тілінің атқаратын қызметі
HTML командалары
HTML құжатының құрылымы
Мәтіндерді түрлендіру тәгі Құжат ішіне тізімдер орналастыру |
|
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту (қорытындылау, бағалау). (Қорытындылау, бекіту сұрақтарының мақсаттылығы, сөйлеу мәнері, мәдениеті, қимыл – қозғалысы)
|
10 мин
|
Бақылау сұрақтары:
HTML құжатының құрылымы қандай?
HTML тілінің негізгі тәгтерін, олардың жазылуын көрсетіңіздер.
HTML құжаты ішінде түсініктеме беру үшін не істеу керек?
Тақырыптар мәтіндерінің көлемі қалай өзгертіледі?
Мәтін түсін, фон түсін қалай беруге болады?
Нөмірленбеген тізім тәгтері дегеніміз не?
Нөмірленетін тізім тәгтері қандай?
Қабатталған тізімдер қалай құрылады?
Анықтау тізімдері қалай құрылады?
|
|
V.Үй тапсырмасы (тапсырма түрі, көлемі, психологиялық кері байланыстың болуы)
|
2 мин
|
Хакимова Т. Графикалық компьютерлік модельдеу, «Нұр-Пресс» Алматы 2008 – 55– 56 бб. Мәтінде қолданылатын тегтер
|
|
Жоспары
HTML тілінің атқаратын қызметі
HTML командалары
HTML құжатының құрылымы
Мәтіндерді түрлендіру тәгі
Құжат ішіне тізімдер орналастыру
HTML гипертекстік тілін 1989 жылы World Wide Web гипертекстік жүйесін бөлудің өңдеу технологиясының компоненттерінің бірі ретінде Тим Бернер – Ли ұсынғаны белгілі. Гипертексті бөлу негізіне құжаттың әрбір элементі тегтерімен қоршаған элементтердің жиынтығы түрінде көрсетуге болатын құжатты сипаттаудың тегтік моделі жататын болған. Өзінің мәні бойынша тегтер программалау тілдеріндегі «BEGIN / END» жақша ұғымдарына жақын және локальды айнымалылардың HTML аттарының арасындағы амалдардың облысын білдіреді , құжаттағы тексттік э лементтерді түсіндіру ережелерінің амалдарын анықтайды және т. б.
HTML тілінің атқаратын қызметі
Web – парақтары экранда ықшам түрде безендіріліп, көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде жұмыс істейтін ескі броузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, бір файл екеуіне 2 түрлі болып көрсетіледі. Ал үшінші компьютердегі Web – парақтың мәтіндері зағиптарға арналған. Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әртүрлі тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді форматтау тәсілдерін жазуға арналған тіл деп атауға болмайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады.
HTML командалары.
HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары тег (tag) деп аталынады. Тег символдар тізбегінен тұрады. Барлық тег «кіші» (<) символдарынан басталады да, «үлкен» (>) символымен аяқталады. Осындай қос символ тізбегі бұрыштық жақшалар деп те аталады. Ашылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз – тег орналасады.
HTML тіліндегі әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регисторы ешбір роль атқармайды, бас әріпті де, кіші әріптерді де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тег атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тегі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тег қатар қолданылады. Бірі – ашады, екіншісі – жабады. Ашатын тег белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тег сол әсерді аяқтайды. Жабу тегтері қиғаш сызық символымен басталуы тиіс.
Кейбір тегтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндайда жабу тегі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тег ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. Броузер арқылы құжат экранда көрсетілген жақта тегтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері ғана бөлініп тұр.
Тег атрибуттары.
Көбінесе ашылу тегтерінің тигізетін әсерлерін түрлендіретін олардың атрибуттары болады. Атрибуттар немесе сипаттамалар — тег атауының және бір бірінен бос орын арқылы бөлініп жазылытын қосымша түйінді сөздерден тұрады. Кейбір атрибуттар оның мәнін жазуды талап етеді. Атрибут мәні оның түйінді сөзінен теңдік белгісі (=) арқылы бөлініп жазылады. Атрибут мәні қостырнақшаға алынып жазылуы тиіс, бірақ кейде қостырнақшаны жазбауға да болады.
Түсініктемелер
Программалау тілдерінде түсінік беретін сөздер – комментарийлер жазылатыны сияқты мұнда да программаның орындалуына еш әсер етпей, оны түсінуді жеңілдететін түсініктеме мәтіндер жазып отыруға болады. HTML тілі комментарийлері арнайы символдардан басталады да, түсінік беретін мәтін осыған жалғаса жазылады.
HTML құжатының құрылымы.Құжаттың функциональдық бөлігі мен негізгі бөлігі .
HTML құжаты сол құжаттың негізгі мәтіні мен белгілі тегтер деп табылады. Сондықтан оны құрастыру үшін жай мәтіндік редакторды, Windows ортасындағы блокнотты пайдалана беруге болады.
HTML құжатының кез-келгені тегінен басталып соған сәйкес жабылу тегімен аяқталады.
Осы екеуінің ортасында құжаттың тақырыптың бөлігі мен тұлғасы болып келетін негізгі бөлігі орналасады. Құжатың тақырыптық бөлігі типтерінің ортасында тұруы, жалпы құжат туралы мәлімет береді. Әдетте бұл бөлікті тегтерімен шектелетін құжаттың ресми атауы орналасады. Бұл атау терезе тақырыбында тұратын функцияның аты.
Жазылатын мәтін құжат тұлғaсы деп аталатын
Достарыңызбен бөлісу: |